Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Black Friday-мен тиімді баға: Жеңілдіктермен қалауыңызды орындаңыз

Жаңа жылға өте тиімді бағада сыйлықтар сатып алатын сәт келді! Қарашаның соңғы жұмасында, Black Friday-де мерекелік жеңілдіктер маусымы ашылмақ. Ең жақсы заттардың тез сатылып кететіні анық. Сондықтан қазірден бастап саудаңызды жоспарлаңыз. Оның үстіне Apple сияқты кейбір брендтер тамаша ұсыныстар дайындауда. Егер сіз өзіңізге немесе жақын адамыңызға жаңа гаджет сатып алуды бұрыннан жоспарлап жүрсеңіз, бұл шолуымыз сізге таңдау жасауға көмектеседі.

iPhone 15 Pro

Apple компаниясының флагмандық смартфоны жыл сайын ең қалаулы сыйлықтар тізімінде көш бастап келеді. iPhone 15 Pro-ның да сұраныста болуы таңданарлық жайт емес. Бұл қуаты ұзаққа жететін, қызмет ету күші компьютермен тең, керемет дисплей мен тамаша камерасы бар смартфонды қалайтындар үшін тамаша таңдау.

Камера туралы ерекше атап өткен жөн. Себебі ол әрқашан iPhone-ның даусыз артықшылығына айналған. iPhone 15 Pro камерасындағы бейненің негізгі анықтылығы 24 МП-ны құрайды. Ал iPhone 14 Pro-да 12 МП. Мұнда жақын адамдарыңыздың керемет сәттері, табиғаттың және көрнекті орындардың суреттері тәуліктің кез келген уақытында әдемі болып шығады. Ал портрет режимі тіпті қараңғыда да айқын көрінеді. 

3x оптикалық масштабтауы бар телефотообъективі тіпті алыстан да керемет фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, бұл балаңыздың өнер көрсетіп жатқанын түсіруге, ұйықтап жатқан мысықты оятып алмай кадрға алуға немесе концертте сүйікті орындаушыңызды жақыннан көруге мүмкіндік береді. 

Тек Black Friday күні iPhone 15 Pro-ны айына 29 166 теңгеден бастап супер бағамен 24 айға бөліп төлеуге және түпнұсқа қаптамаларды 20%-ға дейін жеңілдікпен алуға болады.

Apple Watch SE

Бұл сіздің әл-ауқатыңызды және физикалық белсенділігіңізді бақылауды жеңілдететін қолжетімді ақылды құрылғы. Сағат сіздің жоғары жүрек соғу жиілігіңізге назар аудара отырып, тұрып қимыл жасау немесе тыныс алу керек екенін ескертеді. 

Одан бөлек, құрылғы назарыңызды телефонан басқа жаққа бұруға мүмкіндік береді. Алайда сағатыңыз барда маңызды хабарландыруларды да жіберіп алмайсыз. Құрылғы арқылы қоңырау шалуға, қабылдауға, хабарламаларға жауап беруге болады. Тіпті дүкендерде сауда жасарда төлем жасау үшін картаңызды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Сағатыңызға Apple Pay жүйесін орнатсаңыз болғаны.

Apple Watch SE үшін Black Friday күні арнайы ұсыныс – айына 6 458 теңгеден бастап 24 айға бөліп төлеп 10 000 теңге жеңілдік алыңыз.

iPad-тың 9-буыны

Бұл блокнотты, компьютерді, электронды оқу құралын, теледидарды және эскиз кітапшасын алмастыратын ең әмбебап құрал. Ең танымал iPad үлгісіне пернетақтаны қосып алсаңыз болғаны, кез келген жерде өзіңізбен бірге алып жүріп, мектеп немесе жұмыс тапсырмаларын орындауға болатын шағын компьютерге айналады. Ал Apple Pencil шабыт келген бойда түрлі жазбалар мен эскиздер жасауға шығармашылықпен оңай айналысуға көмектеседі.

iPad-тың 9-шы буынына да керемет ұсыныс қарастырылған. Бар болғаны айына 7 499 теңгеден және Apple Pencil-ді 6 000 теңгеге дейінгі жеңілдіктермен алыңыз!

MacBook Air 13.6"

MacBook Air-дегі M2 чипі бейнелерді өңдеуге, басып шығаруға, презентациялар жасауға және бірден бірнеше терезені ашуға мүмкіндік береді. Ал Touch ID жұмысты одан да ыңғайлы ете түседі. Енді құпия сөзді әрдайым есте сақтап енгізудің қажеті жоқ. Саусақ ізін сенсорға қойсаңыз болғаны. Веб-сайттарға да логиндер мен құпия сөздерді енгізудің қажеті жоқ. Оларды бір рет сканерге саусағыңызды қою жеткілікті.

Сонымен қатар, MacBook Air 13.6” жіңішке, жеңіл әрі ыңғайлы. Салмағы небәрі 1,24 келі болғандықтан оны кез келген жерде алып жүру қиындық тудырмайды. Одан бөлек құрылғының шамасы күні бойы жұмыс істеуге жетеді. Сондықтан тіпті өзіңізбен бірге зарядтағышты алып жүрудің қажеті жоқ. Құрылғы жұмыста да немесе мектепте де сенімді серіктеске айналары сөзсіз.

MacBook Air 13.6’’ Black Friday-де айына 20 833 теңгеден 24 айға бөліп төлеу арқылы сіздікі бола алады.

AirPods-тың 3-ші буыны

Байланып, шатасқан сымсыз, үзіліссіз, пайдаланудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы AirPods-тың 3-ші буынына тән сипат.

Құрылғымен үй ішінде еркін қозғалуға, сөйлесіп жүріп бір уақытта өзге де шаруаларды тындыруға, сүйікті музыкаңызды немесе подкастыңызды телефонды тасымай-ақ тыңдауға өте ыңғайлы. Саусағыңызбен түртіп-ақ әуенді тоқтатуға немесе ауыстыруға, қоңырауға жауап беруге, аяқтауға және Siriге хабарласуға болады.   

Сүйікті әуендер тізімін жасап, Black Friday-ді пайдаланып, құрылғыға 24 айға бөліп төлеу арқылы айына небәрі 4 166 теңгеден тапсырыс беріп, 15 000 теңгеңізді үнемдеңіз. 

Ұнаған гаджетіңізді таңдап, тиімді саудамен өзіңізді қуантыңыз! 26 қарашаға дейін құрылғыңызды Apple брендінің Қазақстандағы ресми дүкендері iSpace, Sulpak, Mechta, Technodom, activ, Freedom Mobile, Evrika, Fora және DNS-тен тапсырыс бере ала аласыз.

Саудаңыз сәтті болсын!

Жарнама құқығында

Талқылау