"Ешкім араша түспеген": Алматыда белгісіз ер адам аялдамада баланың қолын аяусыз қайырып, күш көрсеткен
Алматыда аялдамада белгісіз ер адам баланың қолын қайырып, қысым көрсеткен видеосы тарады. Кадрда азамат өтіп бара жатқан адамдар мен баланың айғайлағанына қарамастан әрекетін жалғастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет желі кадрларынан
Алайда оқиға орнындағы адамдардың ешқайсысы араша түсспей, жай ғана қарап тұрған.
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция түсініктеме берді.
"Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі ҚР-ның заңнамасына сәйкес одан әрі шаралар қолданып, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды”, – деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”