Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есік, еден, жиһаз кеңес заманынан қалған": Қарағанды ​​облысында ата-аналар мектеп жағдайына шағымданды

Қарағанды ​​облысы Вольный кентінде ата-аналар мектеп жағдайына шағымдануда. Айтуларынша, білім ордасындағы жиһаздар кеңес заманынан қалған, ал жөндеу жұмыстары 60-шы жылдардан бері жүргізілмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжеттен алынған

Деректерге сай, ауыл әкімшілік жағынан Абай қаласының құрамына кіретіндіктен үнемі қала шеті ретінде тек қалдық ақша бөлінеді екен. 

Ал ата-аналар мұндағы мектепте еден, есік, жиһаз кеңес кезінен қалғанын айтады. Ал балалар қолды суы астындағы шелекке ағатын ағаш қолжуғыштан жуады екен. Жақында мұнда терезе мен шатыр жөнделген. 

Ата-аналар электр сымдарын ауыстырып, жарықтандыруды және мектептің кіреберістерін тазалауды сұрайды. Ал спорт зал тіпті мүлде бөлек ғимаратта, орналасқан. Мектепте 190 оқушы, шағын орталықта 40 бала бар. Дегенмен әкімшілік мұндағы жағдай айтарлықтай жаман емес деп сендіруде.

“Біз қала ретінде тіркелгенбіз. Бізді ауылдық жерге жатқызбайды. Өте қиын. Қатынау жағы да қиын. Әкіммен кездескен сайын автобус мәселесін көтеріп келеміз”, – деді Абай ауданы No4 орта мектеп директоры Фарида Миронова.

Облыстық білім басқармасы мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді деген пікірде. Бірақ мұндай 45 білім беру нысаны болғандықтан, оларды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі екен.

“Бұл мектепті күрделі жөндеуден өткізу облысымыздағы түйткілді мәселелердің қатарында. Қаржы бөлу және 2024 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бұл мәселені облыстық білім басқармасы қарастырады”, – деді Абай аудандық білім басқармасының сектор меңгерушісі Гүлдана Ахметова.

Талқылау