Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер суық ауа райының денсаулыққа тигізетін ерекше пайдасын атады

Реабилитолог Александр Шишонин суық ауа райының адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін айтты. Маман суықта өндірілетін интерферондар вирустар мен бактериялардан қорғайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aif.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Маман сонымен қатар, суық мезгілде серуендеу қан тамырларының жаттығуын қамтамасыз ететінін қоса кетті. Суықтың әсерінен олар үнемі жиырылып, кеңейіп, қан ағымын арттырады. Бұл тіндерге көбірек оттегін жеткізуге мүмкіндік береді.

“Дене ыстықтан гөрі суықты жақсы көреді. Салқын ауа райында адам жылы киініп, өзін жайлы сезіне алады. Төмен температурада ол ағза қатайып, күштірек бола түседі. Суық ауру мен спазмды жеңілдету үшін медицинада да қолданылады”, – деді Александр Шишонин. 

Реабилитолог қыста күнде бір сағат жаяу жүру кез келген жаста айтарлықтай жақсы өзгеріс беретініне сендірді. Дәрігер сонымен қатар адамдарға қыста автобустан көрі көбірек жаяу жүруге шақырды. Одан бөлек, қабаттап көп киім киюден бас тартуға кеңес берді.

Талқылау