Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдікке қарсы наразылық: Жамбыл облысында шаруалар шеруге шықты

Биыл Жамбыл облысының алты ауданы құрғақшылықтан зардап шегіп, төтенше жағдай жарияланды. Шаруалар әлі күнге дейін тиісті ақшасын алмадық деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Жамбыл облысында диқандар жергілікті билікке наразылық білдірді – олар орталық көше бойымен шеруге шықты.

Айтуларынша, төтенше жағдай кезінде бөлінген ақшаны әкімдік әлі бермей отыр.

Диқандар "үкіметтің шешіміне бағынбаған" әкімнің орнын босатуды талап етуде.

Наразылық білдіруге шыққан шаруалар Меркі ауданының шаруалары. Егістері құрғай бастағанда олар дабыл қаққан алғашқылардың қатарында болған. Үкімет биыл қуаңшылықтан зардап шеккен алты ауданға 3,8 миллиард теңге бөлді. Алайда меркіліктерің айтуынша, ақша әлі берілмеген.

"Астанадан комиссия келді. Облыстан комиссия келді. Бейне, фотоға түсіріп, өлшеу жұмыстарын жүргізді. Біз өтпей қалдық па сонда? Облыс "Қазводхозмен келісу қажет емес" деді. .. Бұлар керек дейді ғой, сонда кімді тыңдаймыз?" — деп ренжіді шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Белқожаев.

Талқылау