Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғым салынған тоңазытқышты мөрлеген". Полиция не үшін бұндай әрекетке барғанын түсіндірді

Қарағанды облысының Топар ауылының тұрғындары үйлердің аулалардың бірінде құқық қорғау органының қызметкерлері соғым салынған тоңазытқышты мөрлеп кеткенін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

"Қарағанды облысының Топар ауылындағы полиция қызметкерлері атышулы мал өліміне қатысты қылмысты ашты. Малдың иесі етті соғым ретінде қысқа дайындаған көрінеді. Тергеу нәтижелері бойынша тоңазытқыш мөрленіп, иесіне айыппұл салыныпты. Тергеу жалғасуда. ҚР ІІМ жалпы не болып жатқанын түсіндіруді сұраймыз. Сойылған малдың туыстарын жәбірленуші қылып жіберген шығар", - делінген бейненің сипаттамасында.

Өз кезегінде Қарағанды облысының полиция департаменті тоңазытқыштың шынымен мөрленгенін растады, бірақ мүлдем басқа себептермен екен. Олардың айтуынша, әлеуметтік желілердегі ақпарат "шындыққа жанаспайды".

"30 қазанда Топар ауылында Сібір жарасының өршуіне байланысты карантин режимінде тыйым салынғанына қарамастан кенттің 33 жастағы тұрғыны жылқы сойған. Абай ауданының аумақтық ветеринариялық инспекциясының осы фактісі бойынша жануардың иесі әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодекстің 1-тармағының 406-бабы бойынша (ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сол себепті жануардың еті сақталған тоңазытқыш мөрленген", - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Талқылау