Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшіріледі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыға жұмыс сапарымен келіп, жылу электр станцияларын тексерді. Сапар барысында Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет минситрліктің ресми сайтынан

Министр "Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-2 және "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС-нің "Орбита" қазандығында болды. 2-ЖЭО-да ол әкімдік пен "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдерінің қатысуымен жылу беру кезеңінің өтуі бойынша үйлестіру штабының отырысын өткізді.

Алматы ЖЭО-2 өкілдері қазірдің өзінде газға көшіру бойынша мердігер анықталып, жұмыстардың басталғанын жеткізді. Бұл 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-да №3 қазандық пен №1, 2 турбиналарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы кезеңде №5 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау