Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2 қарашада RAF Аймақтық жарнамалық форумы өтеді

Алматыда 2 қараша күні Құрманғазы 44 мекенжайындағы Қабылдау үйінде маңызды шаралардың бірі – Аймақтық жарнама форумы (RAF) өтеді.

Форумға медиа және маркетинг саласындағы жетекші тұлғалар, жарнама агенттіктерінің, сауда үйлерінің, цифрлық платформалардың өкілдері, сыртқы жарнама операторлары, БАҚ және жетекші маркетологтар қатысады.

Биыл RAF 2023-тің басты тақырыбы – "Интеграциялық стратегия".

Форумда екі залда қатысушыларға 32 баяндама мен талқылаулар өтіледі. Ал іс-шараға офлайн режимде қатыса алмайтындар онлайн-трансляция сілтемесі арқылы көре алады. 

RAF 2023 Tribune басылымының марапаттау рәсімімен аяқталады.

Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан Tribune сыйлығы Қазақстан мен Орталық Азияда өз саласында жалғыз. Сыйлыққа үміткерлер қатарына 2022 жылдың 4 қазаны мен 2023 жылдың 3 қазаны аралығында интернет-басылым жариялаған эксклюзивті сұхбаттардың кейіпкерлері, арнайы жобалар мен жаңалықтар кірді.

Ал қазылар алқасының құрамында жарнама, маркетинг және PR индустриясының танымал және беделді өкілі Виталий Савков, Vi Digital Kazakhstan бас директоры Олеся Колесниченко, PR Guide PR агенттігінің директоры Виталий Бейлер, MediaInsider басшысы және Хоум Кредит Банкінің PR қызметінің жетекшісі Әсел Тынышбекова болды.

Салтанатты шарада "Үздік жаңалық", "Үздік арнайы жоба", "Үздік мақала" және "Үздік сұхбат" номинациялары бойынша 4 лауреат анықталады. 

Форумды Орталық Азия жарнама қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

RAF 2023 ресми серіктестері – Yandex Ads, Home Credit Bank Kazakhstan, Coca-Cola.

Серіктестер – TV Media Advertising Agency, GoAhead, Admixer Advertising.

Іс-шара серіктесі – EZ Solutions.

Ақпараттық серіктестер – Tribune.kz, КТК, NUR.kz, Zakon.kz, Optimizm.kz, BIZ Media, Global News, Weproject.Media, Almaty TV, Qazaqpress, Marketing.uz (Өзбекстанның маркетинг қауымдастығы).

Марапаттау серіктестері: Wunder-Digital, Zerde Publishing, Leadbros және GlobalNews.kz.

Талқылау