Қазақстанда балалардың банк карталарын пайдалану ережелері қатаңдатылады
Ұлттық банк Қазақстанда балаларға банк картасын пайдалануға шектеу енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ұлттық банк кәмелетке толмағандардың шетелде және Қазақстан аумағында пайдалана алатын шекті соманы бекітті.
Қазақстанда бұл сома – 100 мың теңген, шетелде – 500 мың теңгені құрайды. Балалар банкоматтардан күніне небәрі 10 мың теңге шешіп ала алатыны нақтыланды.
Бұл ретте кәмелетке толмағандардың картасын олардың заңды өкілдері ғана толтыра алады. Сондай-ақ картаға қосылатын операцияларды да асыраушылары анықтап отырады.
Бұған дейін Сенат депутаттары Ұлттық қор қаражатын балалардың шотына аудару туралы заң жобасының кейбір нормаларын мақұлдамай, Мәжілістің қарауына қайтарған еді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді