"Су барлық дерттің алдын алады": Мамандар судың көпшілік біле бермейтін пайдасы мен оны таңдау жолдарын айтып түсіндірді
Су ағзадағы температураны реттеп, токсиндерді шығаруға әсер етеді. Мамандардың пайымдауынша, су барлық дерттің алдын ала алады. Сондай-ақ аурулардың 80%-ы су арқылы тарайды. Дегенмен көпшілігі суды дұрыс таңдау жолдарын, "өлі" су мен "тірі" судың айырмашылығы неде екенін біле бермейді. Stan.kz ақпарат агенттігі судың біз білмейтін пайдасы және оны дұрыс таңдау жолдарын анықтап көрді.
Айта кетейік, Stan.kz ARZU брендімен бірге өз оқырмандарына пайдалы ұтыс ойынын ұсынып отыр. Бұл үшін мақаланы мұқият оқып, бірнеше сұраққа жауап беру керек. Ең жылдам 10 оқырманның әрқайсысына танымал футболшылардың қолтаңбасы бар доп, “Қайрат” футзал командасының формасы мен ARZU суының 1 айлық қоры беріледі.
Ұтыс ойыны аптаның соңына дейін жалғасады.
Мамандар су жеткіліксіз болса, ағзаның құрғайтынын айтады. Егер ағзадағы су деңгейі 1-2%-ға азайса, шөлдейсіз. Су тапшылығы 10%-ға жетсе, жасушалар бұзылады. Тері жарылып, тіл ісіп кетеді екен. Сондай-ақ адамда әлсіздік, ұйқы келу, бас ауру сезімдері туындайды.
Бұдан бөлек, адам суды көп тұтынса да, ағзаға кері әсер етеді. Бұл жүрек пен бүйрек жұмысын ауырлатады.
"Күнделікті су ішу нормасы әр адамның салмағына байланысты"
Нутрициолог Анна Тұрсынбаева күнделікті тұтыну қажет су нормасы әр адамның салмағына байланысты екенін айтады. Мұны анықтау үшін қарапайым формуланы қолданса жеткілікті.
"Күнделікті ішу керек су нормасы әр адамда әртүрлі. Мұны есептеу үшін келесі формуланы пайдаланған жөн: 1 келі үшін 40 мл су қажет деп есептейміз. Демек, адамның салмағы 50 келі болса, онда күн сайын 2 литрден артық су ішуге болмайды. Егер спортпен шұғылданса, белсенді өмір салтын ұстанса, онда 40 мл емес, 50-60 мл-ге дейін өсуі мүмкін. Спортпен шұғылданғанда суды бірден көп мөлшерде ішудің керегі жоқ. Аз-аздан, бірақ жиі ішкен дұрыс. Өйткені судан да уланып қалуға болады", – дейді нутрициолог.
"Су ішу барлық дерттің алдын алады"
Нутрициолог суды қалыпты нормада тұтыну бірнеше аурудың алдын алатынын жеткізді. Мысалы, тұмау немесе өзге де инфекция жұқтырғанда балаларға да, ересектерге де суды жиі ішу қажет екен.
"Егер адам дені сау болғанын қаласа, онда дұрыс тамақтанудан бұрын дұрыс суды ішуге дағдыланғаны жөн. Өйткені су кез келген аурудың алдын алады. Ағзада су тапшылығы болса, токсиндер жинала береді, нәтижесінде түрлі дерттердің пайда болуына алып келеді. Бізде күнде кофе, шырын және өзге де сусындар ішу дағдыға айналып кеткен. Бірақ қарапайым су ас қорыту, ағзадағы зат алмасу процесстерін реттейтінін ұмытып кетеміз. Тіпті іш қатудың басты себебі – су тапшылығы. Буындардың, аяқ-қолдың ісуі судың көп болғанынан емес, керісінше, судың жетіспеуінен", – дейді маман.
Анна Тұрсынбаева су иммунитетті күшейтететін басты құрал екенін атап өтті. Себебі иммунитет ішекте "өмір сүреді" дейді.
"Су өттің түзілуіне әсер етеді, ал өт ағзадағы паразиттер мен өзге де зиянды заттарды сыртқа шығаруға жауап береді. Ішектегі патогендер толығымен сыртқа шығарылмаса, иммунитет әлсірей түседі. Ішек жұмысы бұзылса, ас қорыту туралы айтудың да керегі жоқ. Негізі Алматы қаласында таулы жерлердегі судың құрамында пайдалы минералдар өте көп. Бірақ тұрмыста тұтынатын су өзгеріске ұшырап, түрлі қоспалар қосылады", – деп түйіндеді Анна Тұрсынбаева.
Суды таңдау кезінде неге мән берген жөн?
Қазіргі таңда көпшілігі суды қалай дұрыс таңдау керегін біле бермейді. Бұл сұрақтың жауабын табу үшін технолог, ARZU брендінің өкілі Вероника Евгеньевамен сөйлесіп көрдік.
Маман судың ерекше еріткіш екенін айтады. Мәселен, табиғи судың құрамында микробөлшектер мен минералды заттар өте көп мөлшерде болады. Ал бұлақтың орналасқан орнына қарай су құрамы екінші құдықтікінен басқа болуы мүмкін.
"Бұл, әрине, судың дәміне де әсер етеді. Сондықтан табиғи сулардың барлығы ішуге жарамды деп айтуға болмайды. Қазір ауыз су химиялық қауіпсіздік, микробиальді және радиациялық көрсеткіштер бойынша бақыланып отырады. Сондай-ақ құрамында бос хлор болса, судан бөгде иіс шығады. Ал органикалық қоспалар түсті өзгертеді. Су физиологиялық тұрғыдан толыққанды болуы үшін құрамында натрий, калий, кальций мен магний секілді катиондар, гидрокарбонат, сульфат, хлорид, нитрат пен фторид секілді аниондар болуы керек", – дейді ол.
Технологтың сөзінше, су сапасы мен құрамын анықтау үшін мемлекеттік стандарттарды пайдалана отырып кең көлемді жұмыс жүргізіледі. Егер табиғи судың құрамында барлық минералдар қалыпты деңгейде болса, кәсіпорында суға артық қоспалар қосылмайды.
"Мысалы, ARZU суы бөтелкеге құяр алдында құрамындағы пайдалы заттарды сақтап қалу үшін іріден бастап ұсақ сүзгілік тазартудан өтеді. Соңғы кезеңде фильтр суды пайдалы еріген заттармен бірге өткізеді, артық қоспалар қосылмайды. Әлемдік тәжірибеде судың сапасын жақсарту үшін бірнеше әдіс қолданылады. Мәселен, ұсақ коллоидті жүйені салқындату үшін суға электролит қосылады. Судың кермектігін азайту үшін ион алмасу жүргізіледі", –деп қосты Вероника Евгеньева.
"ARZU" суының құрамында жасуша қызметін жақсартатын натрий бар. Ал кальций сүйек тінін жақсартады, сондай-ақ магний – калиймен бірге жасушадағы басым катиондардың бірі. Егер ағзада магний деңгейі азайса, апатия, күйзеліс, тез шаршауға алып келуі мүмкін.
Айта кетейік, "Қайрат" футзал командасының ойыншылары Біржан Оразов пен Игита көпшіліктің сүйікті сусынына айналған ARZU брендінің амбассадоры атанды. Осылайша ARZU спортшыларға қолдау көрсетіп, елімізде спорт саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.
Сондай-ақ ARZU бренді оқырмандарымызға танымал спортшылардың қолтаңбасы бар доп пен футбол формасын, ARZU суының бір айлық қоры, яғни 60 бөтелкесін жеңіп алу мүмкіндігін ұсынып отыр. Ұтыс ойнына қатысу үшін аты-жөніңізді және телефон нөміріңізді көрсетуді ұмытпаңыз. Ал жеңімпаз атану үшін барлық сұраққа аз уақыт жұмсап дұрыс жауап беру қажет. Сұрақтарға жылдам жауап берген 10 оқырман ARZU ұсынған сыйлықтардың иегері атанады. Қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Сұрақтарға жауап беру үшін үлгіні толтыру мысалы төменде көрсетілген.