Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үздік жарнамалық компания": Жаңартылған Altel бренді бірнеше марапатқа ие болды

Altel брендінің жаңартылған нұсқасы бірден үш халықаралық байқаудың қазылар алқасын таңдандырды. Сарапшылар ұжымның креативтілігін, компанияның тұтынушылармен байланысын жоғары бағалады. Altel-дің қайта іске қосылып, жаңартылған брендті осылайша жарнамалық науқандағы үздіктер қатарында бірнеше беделді марапаттарға ие болды.

Қайта іске қосу аясында абоненттерден16 000-нан астам фотосуреттер келіп, соның негізінде жасанды интеллект көмегімен бренд үшін жаңа кейіпкерлер жасалды. Кейін бұл кейіпкерлер жаңа концепцияның тұсаукесерінен бастап интерактивті көше өнері фестиваліне дейін ұсынылды. Жаңа компания қатысқан барлық шаралар 5G желісімен өтті.

Орталық Азиядағы ең ірі және ең беделді байқау Red Jolbors Altel компаниясын мойындап, оны "Үздік жарнамалық стратегия" номинациясында күміс жүлдемен марапаттады. Одан бөлек, дәл осы байқауда команда "Брендті іске қосу/қайта жаңарту", "Үздік интеграцияланған маркетингтік компания" және "Үздік маркетингтік стратегия" номинациялары бойынша үш қола жүлдеге ие болды. Ауқымды коммуникация фестивалі жыл сайын қатысушыларға шарттарды жоғарылатқанына қарамастан, биыл байқауға бес елден барлығы 530 өтінім келіп түскен.

Сонымен қатар, Altel бренді ірі ADCR шығармашылық фестивалінің бірінде "Бренттің жаңаруы" номинациясында қола жүлдені жеңіп алды. Ал "Жарнамада Big Data-ны үздік пайдалану", "Үздік біріктірілген жарнамалық компания" және "Компьютерлік графиканы ең жақсы қолдану" номинациялары бойынша соңғы финалдық кезеңге дейін өтті. 

Аймақтағы ең ірі халықаралық фестивал Ad Black Sea аясында Altel "Үздік маркетингтік стратегия" мен "Нарықтағы инновациялар" атты екі номинация бойынша байқаудың соңғы кезеңіне өтті.

"Инновациялық тәсілімізді байланыс мамандары жоғары бағалады. Бұл командаға бес жүлде мен тағы бес номинация бойынша кезеңдерге өтуге көмектесті. Кез келген бизнес үшін өз аудиториясын қалыптастырып, коммуникациялар құру және жаңа клиенттерді тарту өте маңызды. Өйткені өзгерістер мен қиындықтардан қорықпау керек. Мұндай марапаттар компанияның икемділігі мен шығармашылық деңгейінің тамаша көрсеткіші. Altel өз құндылығын тағы да дәлелдеді. Компания брендті қайта іске қосу үшін инновациялық идеяны ойлап тауып, сәтті жүзеге асырды", – деді Tele2/Altel маркетинг жөніндегі директоры Антон Сербин.
Талқылау