Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендер саны З4-ке жетті: Қайыңды көлі маңындағы жол апатына қатысты автобус жүргізушісі қамауға алынды

Кеген ауданында "Қайыңды-Саты" таулы автожолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан 36 жастағы жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет Алматы облысы полиция департаментінің басшысының парақшасынан 

Деректерге сай, оқиға 5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты а/о аумағында, "Қайыңды-Саты" таулы автожолында орын алған. 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "УАЗ" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.  

“Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы ПБ-да тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақаты салдарынан қаза тапты”, – деді Бауыржан Әленов. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жол апатынан зардап шеккендер саны 34-ке жеткен. 20 әйел мен 14 ер адам жарақат алған. 

Олардың арасында бір науқас Кеген аудандық ауруханасына, екі адам Шелек ауылының аудандық ауруханасына, тоғыз адам Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер барлық науқастардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы ПБ УҰИ-ға қамаққа алынған. Алматы облысы полиция департаментінің басшысы істі тергеуді бақылауына алғанын жеткізді. 

Еске салсақ, Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау