Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kcell 5G сауда орталықтары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Еліміздің жетекші байланыс операторы Kcell 5G жаңа желісін белсенді орнатуда. Соның арқасында сауда және ойын-сауық орталықтарында технологиялық жарыстар мен іс-шараларды, соның ішінде киберспорт турнирлерін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндіктер пайда болды. Компания қалалар мен ел аймақтарынан бөлек, сауда орталықтарының байланыс жылдамдығын жоғарылатуға атсалысады.

кселл

Сауда және ойын-сауық орталықтарында келушілер көп болғандықтан ұялы байланыстың да кідіріп, үзіліспен жұмыс істейтіні рас. Енді біртіндеп бұл мәселе өткеннің еншісінде қалады. Себебі жаңа байланыс форматындағы базалық станциялар картасында сауда орталықтарының қарасы көбейді. 

Бүгінгі күні цифрлық трансформация аясында ұялы байланыс операторлары Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Павлодар қалаларында 350-ге жуық 5G базалық станцияларын қосты. Ал осы аптада бұл тізімге 5G байланыс стандартына алғаш рет қосылған Тараз, Көкшетау, Семей, Қарағанды қалалары да енді.

кселл

"5G базалық станциялары тұрғындар көп шоғырланған жерлерде де, шалғай елді мекендерде де орнатылған. Мысалы, Алматының Алғабас, Шаңырақ, Шұғыла, Ақкент және т.б. шағын аудандарында бар. Сонымен бірге, абоненттік белсенділікті ескере отырып, біз сауда-ойын-сауық кешендерінің жанына немесе кешеннің өзіне станциялар орнатып жатырмыз. Олардың саны да артып келеді", - деді Kcell 5G жобасының директоры Магометгирей Катиев.

Сауда орталығына жаңа буын желісін орнату жоғары, сапалы байланыс мәселесін шешіп қана қоймай, келушілерді көбірек тартатын түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, Kcell компаниясының 5G базалық станциясы орнатылған Алматыдағы "Forum" сауда орталығында 7-8 қазан күндері, киберспорт бойынша қызықты турнир өткізу жоспарланып отыр. Әуесқойлар да, кәсіби ойыншылар да қатыса алатын бұл жарыс Dota2 және CsGo жүйелерінде өтеді.

кселл

5G желісі киберспорт саласында үлкен маңызға ие. Деректерді тасымалдаудың жоғары жылдамдығы ойыншыларға нақты уақытта күресуге мүмкіндік беріп, жарысты одан әрі қыздыра түседі. Одан бөлек, Kcell орнатқан 5G желісінің арқасында "Forum" сауда орталығы тартысты турнирден онлайн трансляцияларды жоғары деңгейде ұйымдастыра алады.

Бұған дейін, 2 қыркүйекте Алматыда қазақстандық және шетелдік жазушылар “Fahrenheit fest” заманауи шығармашылық фестивалінде Kcell-ден 5G желісін сынап көріп, оқырмандармен байланысу мүмкіндіктерін кеңейткен еді.

Ал, осы аптада Kcell Алматы, Шымкент, Қонаев, Атырау, Ақтау және Орал қалаларына 20-дан астам базалық станцияларды орнатуды жоспарлауда.

кселл

Компаниялар консорциумының мәліметінше, Kcell 2027 жылға қарай 7 мыңнан астам 5G базалық станцияларын орналастыруы керек.

Талқылау