ШҚО-да қала әкімінің орынбасары балағат сөздер айтып, әдеп бұзғаны үшін жауапқа тартылды
ШҚО Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаева мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Деректерге сай, шенді балағат сөздері үшін бұған дейін де бірнеше рет ескерту алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет желідегі видео кадрларынан
Qumash Telegram арнасының мәліметінше, Әсем Борисқызы 2022 жылдың күзінде ол қалалық білім басқармасының біреуінің үстінен балағат сөздер айтқан.
"ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактісі бойынша Ағажаеваға қатысты тәртіптік іс қозғағанын хабарлаймын. Қызметтік тергеу тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін желіде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаеваның турист-блогер Дамир Көшеевтің видеосына түсініктеме берген сәтінде әдепсіз сөздер айтқан еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”