Алматы облысында 51,5 мың бас болатын 56 бордақылау алаңы жұмыс істейді
Алматы облысында мал шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 264, 4 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде шаруашылықтырдың барлық санаттарында мал басының тұрақты өсімі байқалады. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,5%-ға артып, 776,2 мың басты, жылқы 1,3%-ға (252,5 мың бас), ұсақ мал бойынша 4,8%-ға (2998,9 мың бас), құстар саны 9,1 миллион бас болды.
2023 жылғы қаңтар-тамызда ет өндірісі 162,1 мың тонна (95,4%), сүт – 379,0 мың тонна (104,6%), тауық жұмыртқасы – 364,0 мың дананы құрады (99,5%).
Облыста қуаттылығы 51,5 мың бас болатын 56 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Жүктеме 28% құрайды (іс жүзінде 14,5 мың бас жүктелген).
Жыл соңына дейін 1,3 мың басқа арналған 3 мал бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда.
Облыс аумағында қуаттылығы 21,3 мың бас болатын 56 тауарлы-сүт фермасы бар. Толық жүктемесі 69% құрайды (нақты тауарлы-сүт фермасында 14,6 мың бас).
Облыста жылдық қуаттылығы 156,5 мың тонна ет бағытындағы 7 құс фабрикасы бар, жыл басынан бері 59,8 мың тонна құс еті өндірілді. Қуаттылығы 619 млн.дана жұмыртқа болатын 4 құс фабрикасы бар, жыл басынан бері 131 млн.дана жұмыртқа өндірілді.