Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 15 миллиард теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылады
Үкімет тауарлы-сүт фермаларды дамыту және кеңейту бойынша инвестициялық жобаларға республикадан 100 миллиард теңге мақұлданды. Алматы облысында Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне негізделген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыс бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырудың пилоттық бағдарламасы бойынша 15 миллиард теңге сомасына 12 инвестициялық жоба көзделді. Ақшалай қаражаттың түсуі осы жылдың қазан айына жоспарланған.
Осы жылдың 14 тамызында мемлекеттік сатып алу порталында сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындауға конкурс жарияланды.
Конкурсқа қатысушылардың болмауына байланысты, 13 қыркүйек күні мемлекеттік сатып алу порталында сенім білдірілген өкілді айқындауға қайта конкурс жарияланды.
Сенім білдірілген өкіл (агент) қызметіне өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 21 қыркүйекте бітеді.
"Агро өнеркәсіптік кешендегі жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия құру туралы" бұйрық жобасы әзірленді. Қазіргі таңда мақұлдау үстінде.
Одан бөлек, өңірде “Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 2023 жылға Алматы облысына республикалық бюджеттен 8 267 643 мың теңге бөлінген.
Конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу порталында сенім білдірілген өкіл анықталды. "Қонаев" ӘКК" АҚ-мен бірлесіп бағдарламаның паспорты әзірленді.
Бағдарламаға облыстың барлық 133 ауылдық округі қатысады.
"Ауыл Аманаты" бағдарламасын ZOOM арқылы ауылдық округтер мен аудан әкімдіктерімен түсіндіру бойынша апта сайын жиын өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы саласында әзірленген 50 жоба және ауылдық елді мекендерде халыққа қызмет көрсету жобалары таныстырылды. Бұл жобаларға қарқынды бау-бақшаны дамыту, жылыжай кешендері, шағын құс фабрикасы, бал өндіру, жем, жиһаз, киім-кешек өндіру және т.б.