Кептеліс, экология, транспорт мәселесі: Алматы қаласының қоғамдық кеңесі өзекті тақырыптарды көтереді
Кептеліс, қоғамдық көлік жетіспеушілігі, экология мәселелерінің шешімі қандай? Алматы қаласының қоғамдық кеңесі шаһардағы осындай өзекті мәселелерді үнемі талқылап отырады. Кеңес мүшесі Бекнұр Досжанның айтуынша, қордаланған мәселелер әкімдікке жеткізіліп, шешу жолдары ұсынылады екен. Бүгінде қоғамдық кеңес тұрғындар мен әкімдік арасындағы алтын көпірге айналып, барлық өтініш, арыздарға бей-жай қарамай жұмыс істеуде.
Бекнұр Досжан Қоғамдық кеңес жұмысы 4 түрлі бақылау бағытында іске асатынын алға тартты. Атап айтқанда, оларға жалпы бақылау, мониторинг, отырыс, есеп беру жатады.
“Біз қала мен мемлекеттік органдарының есептерін үнемі тыңап отырамыз. Ал мен секілді сарапшы мүшелерге түрлі бағыттар бөлініп, міндеттелге. Мәселен, маған кәсіпкерлікпен жұмыс, кейбіріне блім беру саласында, мектептердің жағдайын бақылау бойынша жұмыс тапсырылған. Жұмыс арнайы жопарымыз бойынша жүзеге асады. Алайда кейде резонансты шұғыл жағдайлар да болып қалады. Су, электр тағы да басқа мәселелер орын алса, жоспардан бөлек мәселелерге де назар аударылады”, – деді Бекнұр Досжан.
Сарапшының айтуынша, Қоғамдық кеңес ең бірінші қалаға бөлінген бюджеттің қайда, қаншалықты жұмсалып жатқанына маниторинг жүргізеді.
“Заң бойынша әкімдік біздің талқыға түскен жұмыстарды қарауға міндетті. Егер біздің шешуді ұсынған мәселені қабылдамаса, онда себебін түсіндіріп хат жолдауы тиіс. Ал біздің міндет қоғам белсенділері мен сарапшылардың, тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстарын әкімдікке жеткізу. Қазір әкімдікпен етене байланыстамыз. Олар да біздің келелі мәселелерімізді міндетті түрде тыңдап, жоспарларына енгізіп жатыр”, – деп қосты ол.
Маманның айтуынша, бүгінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесінде 39 адам жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында бөлінген міндеттері бар және олар қызметі үшін ешқандай ақы алмайды.
“Қоғамдық кеңес бұл да бір демократияның қадамы. Елімізде халықтың мәселесін талқылайтын ашық алаңның болғаны дұрыс. Әрние депутаттар сияқты заң мен бюджетке араласа алмаймыз. Алайда ұсыныстар тастау мен шешім шығаруға атсалыса аламыз. Әкімдіктің есебі мен халықтың мәселесін тыңдаймыз. Қоғамдық кеңес мүшелері әр ай сайын қандай мәселелердің шешіліп, қандай мәсеелердің күн тәртібінде тұрғаны жайлы құлағдар етіп отырады”, – деді сарапшы.
Экология, кептеліс, қоғамдық көлік: Жергілікті тұрғындар жүгінетін мәселе
Бекнұр Досжан кеңеске көбіне үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері жүгінетінін алға тартты. Одан бөлек жергілікті тұрғындар да келеді екен.
“Мәселен жақын арада бізге жануарларды қорғаушылар келіп иттерді өлтірмей шара қолдану туралы қолқа салды. Біз осы бағыт бойынша чиптеу, орын аймақарын өзгерту деген сияқты шараларды қолға алдық. Соңғы кездері жануарларды қорғау, туризмді дамыту, кәсіпкерлерді қолдау сияқты мәселелер талқылануда. Президенттің жолдауында айтылғандай цифравизация, антихаб, креативті индустрия сияқты бағыттардың құрылу мәселесін де көтеріп жүрміз. Соның бәрін қарап, әкімдіктің қаншалықты деңгейде орындап жатқанын бақылаудамыз”, – деп қосты маман.
Кеңес мүшесі барлық талқыланатын мәселелердің төтенше жағдай туындатқан, өзекті, қаланың қауіпсіздігіне маңызды екенін тілге тиек етті.
“Қазір бәріміз кептеліс пен экология мәселесіне баса назар аударудамыз. Қоғамдық транспортты дамыту үшін осы күнге дейін көптеген әрекеттер жасадық. Қосымша автобустар қосу жағынан да жұмыстар істелді. Құрылыс жағынан бірнешеуін тоқтатып, саябақтарды сақтау бойынша көп әрекеттер болды. Себебі халыққа саябақтардың көп болғаны ыңғайлы. Одан бөлек, жоғары жақ Әл-Фарабиде көп қабатты үйдің салынуына қарсылық. Су, электр энергиясы, жол мәселесі, экология мәселелерін көтеріп жүрміз”, – деді маман.
Бекнұр Досжан барлық Қазақстан қалаларының қоғамдық кеңестерін зерттеген сарапшылардың баяндамасында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі ең жақсы белсенді жұмыс атқарқарушы ретінде ерекше аталғанын да айта кетті.
Қоғамдық кеңес атқарған жұмыстар
2023 жылғы I жартыжылдықтағы қызметі туралы есебінде бірнеше мәселелер қаралған.
- "Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ғимараттардың бейімделуі және қолжетімділігі" тақырыбы бойынша диалог алаңдары өткізілген;
- "Алматы агломерациясының қоғамдық көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен даму перспективасы" тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізілген;
- "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңын талқылау" тақырыбында көшпелі семинар ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық палатасына ұсынымдар жолданған.
Одан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг нәтижелері қаралып, бюджеттік бағдарламалар негіздемелерді неғұрлым мұқият зерделеу, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің келісуіне бюджет жобасын алдын ала ұсыну қажеттігін атап өтілген.
Жалпы мегаполистегі Қоғамдық кеңес тұрғындардың мәселелерін тыңдап, билікке жеткізу жұмыстарымен етене айналысады.