Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық әйел туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Атырау қаласында 25 жастағы туған сіңілісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстанның тумасы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Shutterstock

Ішкі істер министрлігнің мәліметінше, тергеу материалына сәйкес, 2021 жылдың мамыр айында күдікті өз сіңлісін Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, одан кейін Атырау қаласына алып келген. Азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейсің деген. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып қойып, күш көрсеткен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Бұл қылмыс үшін 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал Ақтөбеде 17 жастағы колледждің 2-курс студентін алдау және шантаж арқылы жарты жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға тартқан қала тұрғыны ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша жауапқа тартылып отыр.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысында жол бойындағы дәмхананың әкімшісі ұсталды. Ол жүк көліктерінің жүргізушілеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған.

Талқылау