Қазақстандық ұлттық компания Ресейдегі Назарбаевтың яхтасын сатты
Санкт-Петербургте кездейсоқ қазақстандық яхта көзге түсті. Лада порталының мәліметінше, бұл Назарбаевтың яхтасы болуы мүмкін. Басылым яхтаның кімнің меншігінде, кімге сатылғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Борттың MFY 2067 нөмірі оның "Нұртау" яхтасы екенін анықтауға көмектесті. Оны 2007 жылы "Казмортрансфлот" ұлттық кеме компаниясы (ҚМТФ; "Қазмұнайгаз" АҚ еншілес кәсіпорны) 488 миллион теңгеге сатып алған.
“Казмортрансфлоты” яхтаны үш рет ашық аукцион арқылы сатуға тырысқан. Бұл ретте яхтаның бастапқы бағасы уақыт өткен сайын көтерілген. 2019 жылдың қыркүйегінде ол 269,8 млн теңгені құраса, 2021 жылдың қыркүйегінде 878,9 млн теңге болған.
Баға үш (!) еседен астам өскен. Дегенмен 2006 жылы Ұлыбританияда салынған яхтаның физикалық тозуы 63%-дан асқан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”