Қапшағайда су көлемі азайған: Министрлік түсініктеме берді
Желі қолданушылары Қапшағайдағы су көлемінің азая бастағанына алаңдаушылық білдіруде. Су шаруашылығы және ирригация министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NUR.KZ сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет желідегі кадрлардан скринделген
Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймасының жұмыс кестесі жыл сайын бекітіліп, Іле өзені бойынан Қапшағай су қоймасына келетін судың ағынына байланысты жыл бойы толықтырылатынын жеткізді. Министрліктің айтуынша Қазгидромет РМК деректері бойынша 2020-2022 жылдар су аз болған.
"Айта кетерлік жайт, көпжылдық деректер бойынша аз су айналымы кезеңді түрде қайталанып отырады. "Қазгидромет" РМК қыркүйек айындағы дерегі бойынша 2023 жылдың 12 қыркүйегінде су қоймасындағы су деңгейі 476,13 м ", ал су қоймасының көлемі 14 820 млн текше метрді құрады. Толтыру 81% құрады. 2022 жылдың 12 қыркүйегінде су деңгейі 476,53 м, ал су қоймасының көлемі 15 300 млн текше метрді құрады", - деді министрлік.
Сонымен қатар, басшылық Қапшағай су қоймасының жағалау сызығы рекреациялық мақсатта, балық шаруашылығы ретінде де қолданылатынын айтты. Одан бөлек, су ресурстары Қонаев қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді, Шеңгелдин және Ақдала массивтеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін де пайдаланылады.
Министрлік 15 қыркүйектен бастап Қапашағай су қоймасының су төгуді азайтып, жинақтау режимінде жұмыс істейтінін жеткізді.
Басқарма Қапшағай су қоймасының тайыздануына алаңдауға негіз жоқ деп түйіндеді. Айтуларынша жағдай бақылауда, су қоймасы бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Қапшағай су қоймасының азайып тартылғанын көріп, тұрғындар арасында алаңдаушылық болған еді. Соған байланысты желіде түрлі видеолар тарады.