Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар аш қарынға жеуге болмайтын тағам түрлерін атады

Барлығы теңдестірілген таңғы астың артықшылықтары туралы біледі. Ол майларды, ақуыздарды, көмірсуларды, сондай-ақ талшықты біріктіруі керек. Дұрыс теңдестірілген таңғы ас сізге қуат беріп, күні бойы дұрыс көңіл-күйде жүруіңізге көмектеседі. Әрине біз пайдалы деп есептейтін тағамдар жеткілікті, алайда олардың кейбірін аш қарынға жеуге болмайды, әйтпесе ол ас қорыту ауруына шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Focus.de басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: omtea.ru

Әлемдік сарапшылар адам денсаулығына хиян келтіруі мүмкін тағамдарды атады. 

Шикі көкөністер

"Иә, өңделмеген көкөністер қайнатылған немесе қуырылғанға қарағанда пайдалы: оларда көптеген дәрумендер, минералдар мен талшықтар бар. Бірақ оларды таңғы асқа жеуге болмайды. Өйткені шикі көкөністерді сіңіру үшін көп күш жұмсалады. Егер аш қарынға қызанақ немесе қияр жесеңіз ішіңіз ісініп, метеоризмнің пайда болуына алып келеді", - дейді Докторпитер ғалымдары. 

Йогурт

Бұл нағыз таңғы асқа арналған тағам. Өйткені йогурт құрамында көптеген пайдалы сүт қышқылы бактериялары бар. Иә бұл шындық. Мәселе мынада, олар аш қарынға өте нашар сіңеді. Ол асқазандағы барлық жақсы нәрсені өлтіреді.

Сондықтан йогуртты тоңазытқыштан шығармас бұрын, бір-екі жаңғақ немесе бір қасық сұлы ұнын жеңіз.

Банан

Бұл жемістер В6 витамині мен марганецтің тамаша көзі болып табылады. Банан жүректің жұмысына көмектесіп, денеден артық тұзды кетіреді. Банан денені маңызды қоректік заттармен қамтамасыз етеді, бірақ оларды аш қарынға жемеген дұрыс.

Құрамында глюкозасы бар басқа тағамдар сияқты, банандар қандағы қант деңгейін тез көтереді.

Апельсин шырыны

Витаминге бай шырын немесе тіпті жемістің өзі қоректік заттардың тамаша көзі болып табылады. Бірақ аш қарынға емес. Цитрус жемістеріндегі қышқыл ыңғайсыз күйдіруді тудыруы мүмкін. 

Талқылау