"Бұл баланың ашу-ызасын туғызады": Қазақстандық ата-аналар оқушыларды есірткіге қатысты тексеруге қарсы шықты
Қазақстандық ата-аналар ІІМ-нің мектеп оқушыларын есірткіге қатысты тексеруден өткізу туралы бастамасын талқылауда. Кейбірі бұл бастаманы құптаса, енді бірі мұндай тексерістің бала психологиясына одан сайын жүк салатынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Cурет скринделген (Екатерина Оборина бір топ ата-аналармен)
Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері нашақорлықпен күресудің кешенді үш жылдық жоспарын әзірледі. Онда мектеп оқушыларын медициналық тексеруден, скринингтік тексеруден өткізу және есірткіге тәуелділігін анықтау қарастырылған.
“Медициналық комиссияға тапсыратындай етіп құжаттардың тізімі мен анализдер жасалады. Оқушылар психологтың қатысуымен тесттер жазады. Бұл тест сұрақтары есірткіні пайдалана ма, жоқ па, соны анықтайды. Жалпы, заңнамалық база пысықталуда. Біз оған бірқалыпты көшеміз”, – деді ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Полиция бір айдан астам уақыт бойы балаларды тестілеу туралы айтып келе жатқанымен, көптеген ата-аналар бұл жаңалық әлі күнге дейін таңдануда.
Қарағанды қаласының тұрғыны Екатерина 13 жасар ұлының тексерілгенін қаламайды. Айтуынша, бұл сыныптастарының қорлауына әкелуі мүмкін.
“Мектепте жүрген кезімде құзырлы органдардан түрлі адамдар дәріс оқуға келетін. Сол кезде біз үшін қорқынышты болды. Шынында да, мұның соңы неге әкелуі мүмкін, оның салдары қандай болады деген сұрақ болды. Менің ойымша, қазір әрбір баланы мәжбүрлі түрде тексеретін болса, бұл тек олардың ашу-ызасын туғызады”, – деді Екатерина Оборина.
Дегенмен, нәтиженің әрқашан бола бермейтінін полиция да мойындайды. Себебі қазір жастардың психологиясы басқа. Ал психологтар мұндай скринингтерді өткізуден үлкен қиындық көрмейтіндерін жеткізді.
“Ең бастысы, қалай әрекет ету керек екенін білу. Бұл үндемей және ештеңе болмағандай кейіп көрсетуден жақсы. Себебі осы уақытқа дейін көптеген ересектер мен жасөспірімдер синтетикалық есірткінің қаншалықты қауіпті екенін түсінбеді”, – деді психолог Виктория Аншакова.