“Жазушы – шығармашылық пен технологияның коллайдері”: Алматыда өткен заманауи жазушылар фестивалінде 5G желісінің мүмкіндігі сыналды
Алматыда 2 қыркүйек күні қазақстандық және шетелдік жазушылар “Fahrenheit fest” заманауи шығармашылық фестивалінде бас қосып, 5G желісінің негізінде өз мүмкіндіктерінің ауқымын арттырды. Дарынды тұлғалар туындылары туралы сыр шертіп қана қоймай, сондай-ақ жазушылық өнердегі жасанды интеллект пен жоғары технологиялардың рөлін талқылады.
80-нен астам қаламгерді тоғыстырған фестивальде Досым Сәтпаев, Серік Акишев, Элеонора Розмут сынды медиа тұлғалар бой көрсетті. Олар жаңа форматтар мен мүмкіндіктер заманында шығармашылық қандай сипат алатынын болжады. Соған сай дарын иелері технологиялық мүмкіндіктер сыйлайтын 5G-ді сынап көрді. Айта кетейік, “Fahrenheit fest” заманауи шығармашылық фестивалінде 5G желісін Kcell ұсынды.
Бүгінгі күннің трендіне айналған 5G желісі жоғары жылдамдығымен және сапасымен ерекшеленеді. Жаңа желі 4 G-ге қарағанда 100 есе тез жұмыс істейді, соның арқасында кітап немесе фильм қас-қағым сәтте қолжетімді болады. Жоғары жылдамдықтағы желінің тиімділігін халықаралық фестивальге қатысқан шығармашыл жандар растады.
“Жазушы – шығармашылық пен технологияның коллайдері”
Фестивальдің басты ұйымдастырушысы, жазушы әрі режиссер, парфюмер Ксандра Силантье бұл жиын жазушылардың өзін басқа қырынан ашып, қазіргі шығармашылықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, оны жаңаша деңгейде көрсете алғанын мәлімдеді.
Ксандра Силантье
“Жазушы – шығармашылықтың ғана емес, технологияның да үздік коллайдері. Бүгінде қаламгер интернетсіз өз аудиториясын арттырып, жеке брендін қалыптастыра алмайды. 90% оқырман автордың не жазғанына емес, оның танымалдылығына мән береді. Жоғары жылдамдықтағы интернет автордың қай жерде болмасын: коворкингте, шығармашылық кеңістіктерде, іс-шараларда еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ әртүрлі басқа туындыларды зерттеп, ондағы өзге авторлар қолданған әдіс-тәсілерді, идеяны дамытып, деректерді өзіне керегінше қолдана алады”, – деді Силантье.
“5G оқырман мен автор арасындағы қарым-қатынасты нығайтады”
2000-ға жуық көрермен жиналған мәдени шарада жас таланттар өздерін танытып, туындыларын сыйға тартты, әрі сатты. Соның ішінде қазақстандық жазушы Тимур Белый фестивальге келген қонақтарға электронды кітаптарын QR-сканер арқылы ұсынды.
Жазушы Тимур Белый
“Бүгін оқырмандар өте сапалы интернеттің арқасында туындыларыммен таныса алды. 5G оларды көп күттірмеді, сайт беттері лезде ашылып, сол мезетте кітаптың кіріспесіне қатысты оң пікір де естідім. Егер 5G барлық Қазақстан бойынша қолжетімді болса, бұл еліміздің әр түкпіріндегі жанның жаңа туындылармен таныс болуына мүмкіндік беріп, автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсер еді”, – деді Тимур Белый.
“Шығармашылықты жаңа деңгейге көтереді"
Ал қазақ тілді фантастика және хоррор жанрындағы кітаптардың авторы Әнуар Қошқарбаев қалам тербеген кезде сапалы интернетке мұқтаж болатынын түсіндіре отырып, болашақта жазушылық өнердің қандай сипат алатыны жөнінде өз пайымын білдірді.
“Әңгіме жазатын кезде бұрынғыдай кітапханаға барып, том-том кітап парақтамай, қажет ақпаратты үйден шықпай, шапшаң түрде алатын мүмкіндікке жеттік. Мен шытырман оқиғаларды жазатын болғандықтан, жануар немесе гүлдердің түрлері мен атауларын, олардың сипаттамаларын іздеймін. Идея сол мезетте ойға келеді, сол себепті ақпаратты лезде алған жөн, әйтпесе ойлаған тұжырым естен кетіп қалуы мүмкін. Бүгін 5G желісіне қосылып, ерекше әсер алдым. Жылдамдық пен шексіз мүмкіндік сыйлаған бесінші буын желісі менің шығармашылығымды да жаңа деңгейге көтерері сөзсіз”, – дейді Қошқарбаев.
Мистикалық шығарма авторы нейрожелілерге жүгініп, жасанды интеллектіні көмекші құрал ретінде қолданатынын айтты. Жасанды интеллектінің белгілі бір құбылысты суреттеу мәнерін, мәтін жазу әдісін өзінің бояуы кеппеген туындыларымен жиі салыстырады.
“Хан сыры” атты кітабымды жазған кезде ChatGPT көмегіне жүгіндім. Белгілі бір аймақты сипаттау керек кезде көп нәрсе ұқтым. Мысалы, кейіпкер үңгірге кірді, үңгір қандай екенін жазу керек. Сол кезде ChatGPT өз нұсқасын ұсынады”, – деді жазушы.
Ал жас жазушы Аян Соқпаева нейрожелілердің көмегімен мәтіндерінің мазмұнын аша түсетін суреттер салатынын айтып, соның арқасында ойлағанын оқырман санасына оңай жеткізетінін айтады.
“Өзім сурет сала алмаймын, бірақ шығармаларым иллюстративті болғанын қалаймын. Өзге жандар менің идеямды, ішкі толғанысымды түсіне бермеуі мүмкін, сол себепті қалағанымдай шықпай қалатын кездер болады. Ал нейрожелі арқылы қалаған нәтижеме жеткенше түрлі нұсқаларын саралай аламын”, – деді ол.
“Жалған ақпараттың алдын алушы”
Алматы қалалық әдебиет мектебінің үйлестірушісі Валерия Крутова жоғары сапалы интернет жазушылардың шығармасындағы дезинформацияның алдын алатынына сенімді.
“Автор үшін интернет – шығармашылықтың негізі. Өкініштісі, көп жазушылар туындыларындағы ақпаратты тексермейді. Ал өткен заманның оқиғасын, шетелдегі хикаяларды жазу барысында қиялға ерік бергенімізбен, ақиқаттан, шынайы өмірден жырақтамауымыз қажет. Осы кезде ақпарат аламыз, жалпы картинаны түсінуге тырысамыз. Байырғы заманның кезіндей бір қараңғы бөлмеге кіріп, жалғыз отырып, өз қиялыңмен туынды жазатын кез жоқ. Мен міндетті түрде интернеттің көмегімен жалған ақпарат қосылмауын қадағалап отырамын”, – деді Крутова.
Айта кету керек, 5G желісін қамтыған аймақтар картасы күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда Алматының өзінде 90-нан астам аймақта заманауи желі қолжетімді. Сонымен қатар Kcell компаниясы өткен аптада 5G желісін қаладағы пәтерлерге орнату мүмкіндігін жасады. "Kcell Auleti" жобасы арқылы бесінші буын желісін тұтынушы өз үйіне кіргізе алады.