Қостанайда өртеніп жатқан үйден жаңа туған сәби құтқарылды
Қостанайда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан 9 қабатты тұрғын үйден екі баланы аман алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 30 тамызда сағат 12:55-те түскен.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгеннен кейін 4-қабаттағы пәтерде ас үй жиһазы өртеніп жатқаны анықталған.
"3 адам, оның ішінде 2 бала шығарылып, 6 адам эвакуацияланды", – делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің бірі 2023 жылы туған нәрестені құтқарып қалған. Өрт сағат 13:10-да оқшауланып, 13:15-те сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Талқылау