Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вокзалда адасып жүрген": Желіде кейуананы қолынан жетектеген полицей жұртшылықты елжіретті

Желіде вокзалда адасып жүрген кейуананы қолынан жетектеп, көмектескен оралдық полицей жұртшылықты тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі qumash_kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейдің әжеймен қолтықтасып кетіп бара жатқаны көпшіліктің көңілін елжіретті.

“Батыр болу үшін әлемді құтқарудың қажеті жоқ. Осындай адамшылықтың өзі жеткілікті. Оған мысал міне, Орал қалалық көлік полициясы қызметкерінің әрекеті”, – делінген видеоның астындағы сипаттамада.

Мирас Жасұланов вокзал маңында адасып жүрген зейнеткерді байқап қалып, қайда бару керектігін сұраған. Бірақ 85 жастағы кейуана жауап бере алмаған. Оның есте сақтау қабілеті нашар екен.

Сержант оның жеке басы мен мекенжайын өзі анықтаған. Ал оны білген соң қызметкер такси шақырып, оны үйіне дейін жеткізіп салған.

“Сүйкімді әжей, қолынан ұстап алып барады”, “Міне, ержүрек полиция қызметкері”, “Осындай адамдар барда жақсылық жоғалмайды”, “Қарапайым адамдықтың көрінісіне таңғалатын болдық”, – деді пікір жазушылар.

Талқылау