Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола аграршылары егін жинауға кірісті

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егін жинау жұмыстарын бастады. Биылғы жылы өңірде 5,3 млн га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, егіс алқаптарының негізгі бөлігін дәнді дақылдар құрайды. Бұл – 4,9 млн гектар.

Майлы дақылдарды 198 мың га алаңда, жемшөп дақылдары 223,4 мың га алаңда жинау жүргізіледі. 13 мың га астам алаңнан картоп және 2 мың га көкөніс жинау жоспарлануда", - деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов.

Бүгін Ақмола облысының барлық 20 ауданының фермерлері егін жинауға кірісті.

Егін орағы науқанына 29 мың астық жинайтын комбайн, трактор, жүк автомобильдері, сондай-ақ 2,6 мың орақ қатысады. Биыл 43,7 млрд теңгеге 1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

2023 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша 300 мың гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар шабылды.

Егін жинауға 8,9 мыңнан астам комбайн, оның ішінде 4,7 мыңнан астам бірлік қазіргі заманғы өнімділігі жоғары комбайн жұмылдырылады. Бүгінде техника жүз пайызға дайын. Егін жинауға мемлекет дизель отынының арзандатылған көлемін (90,5 мың тонна) бөлді. Астықты қабылдауға жалпы сыйымдылығы 4,7 миллион тонналық 71 астық қабылдау пункті қатысады.

Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірін өндіреді. Бұл ретте облыс астыққа, тұқымға және жемге деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Талқылау