"Вагнер" тобы арқылы Ресейдің ықпалына түсеміз": Нигер елінің президенті АҚШ пен басқа елдерден көмек сұрады
Нигер президенті Мұхамед Базум АҚШ пен басқа елдерді өздерінің конституциялық тәртібін қалпына келтіруге көмектесуге шақырды. Президенттің айтуынша егер әскери топқа шара қолданбаса, ел Украинада лаңкестіктің қатыгездік әдістерін кеңінен көрсеткен Вагнер тобы арқылы Ресейдің ықпалына түсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Нигер елінде әскери топ бүлікпен билікті басып алған еді. Президенті Мұхамед Базум конституциялық тәртіпті қалпына келтіру АҚШ-ты көмекке шақырды. Айтуынша егер әскери топ билікте қала берсе олар билікте “Вагнер” жеке әскери компаниясымен бірікпекші екен.
"Осындай қиын кезеңде АҚШ үкіметін және бүкіл халықаралық қоғамдастықты конституциялық тәртібімізді қалпына келтіруге көмектесуге шақырамын", - деп жазды Мұхамед Базум американдық The Washington Post газетінде.
Мохамед Базум өз үндеуінде әскери топ Нигерге исламдық радикалды топтармен күресуге көмектескен француздар мен америкалықтардың орнына ресейлік Вагнер ПМК-ны шақыруды жоспарлап отқанын екенін ерекше атап өтті.
"Орталық Сахелдің бүкіл аймағы Украинада лаңкестіктің қатыгездік әдістерін кеңінен көрсеткен Вагнер тобы арқылы Ресейдің ықпалына түсуі мүмкін", - деп жазады Базум.
Осы уақытта Сенегал ECOWAS Батыс Африка альянсы шешім қабылдаса, Нигерге әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Сенегал Сыртқы істер министрі Айсаста Талл Салл журналистерге бұл аймақта әскери төңкеріс қазірдің өзінде тым көп екенін, сондықтан сенегал әскерилерінің Нигерге баруға дайын екенін айтты.
Жексенбі күні жүздеген демонстранттар Ниамейдегі Франция елшілігінің алдына жиналып, кейбіреулері "Жасасын Ресей", "Жасасын Путин" деп ұрандады. Олар елшілік кешенінің қабырғаларын да өртеген.
Франция мен АҚШ әскери базалары орналасқан Нигер – Сахельдегі жиһадтық экстремизмге қарсы күресте Батыстың негізгі одақтастарының бірі.