Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлге демалуға барған азамат аяғынан айырылды

Алакөлде су мотоциклінің астына түскен ер адамның аяғы жұлынып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде зардап шеккен демалушының видеосы таралып жатыр. Ол суға бара жатқанда құтқармақ болған өзге турист су көлігімен қағып кеткен. Аяғы тізеден жоғары жұлынып кеткен. 

Полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы "теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Аталған факті бойынша Алакөл ауданының полиция қызметкерлері іс жүргізуде. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды", – деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 30 шілдеде азаматтың Алакөл аудандық ауруханасына түскенін және шұғыл операция жасалғанын мәлімдеді. 

"39 жастағы науқасқа с/3 жамбастың травматикалық ампутациясы жасалды. Сол жақ жамбас сүйегінің, тізе буынының ашық сынуы диагнозы қойылды. 3-4 дәрежелі травматикалық шок, ауыр геморрагиялық шок алған", – деп қосты ведомство.

Басқарманың мәліметінше, 39 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Талқылау