Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүлейменова Павлодар облысындағы тұзды көлдің таяздануына қатысты пікір білдірді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы тұзды көлдің таяздануына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Корявка көліне өткен аптада барып, жағдайды бақылап қайттық. Жер құрғақ болғандықтан көлде қар мен жаңбырдан басқа қорек жоқ. Келесі жылы жағдай өзгеріп, жауын-шашын көп болса, көл қайта қалпына келеді", - деді Сүлейменова.

Оның айтуынша, оқиға орнында КамАЗ көліктерімен тұз тасу фактісі анықталмаған. Алайда экологтар жергілікті тұрғындардың жеке қажеттіліктері үшін тұз алатын жерлерін анықтады.

"Тұз экспортталатын орындар анықталды. Біз жергілікті тұрғындарға телефон соқтық. Олар тұзды жеке мұқтаждықтары үшін алғандарын айтты. Ондағы қара жолақтар темір қайықтардың алға-артқа жүруінен пайда болған. Біз эколог ретінде қанша жылдан бері су тапшылығы мәселесін көтеріп келеміз. Су тапшылығы артады. Жауын-шашынның құрылымы өзгереді, яғни қыста, көктемде бізге қажетсіз кезде түседі. Ал жазда азаяды. Ол жайылымдардың нашарлауына, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне, ауа райының құрғақ болуына алып келеді. Біз бұл туралы бірнеше жылдан бері айтып келеміз", - деді министр.

Талқылау