Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 92 маңызды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Ақмола облысы облыста да, елордада да азық-түлік қауіпсіздігін қолдайды және қамтамасыз етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ауыл шаруашылығы
Ақмола әкімдігінің дерегінше, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен өңірдің 130 кәсіпорны айналысады. Олар өз өнімдерін астананың “Магнум”, “Астықжан”, “Смолл” сияқты 44 ірі сауда нүктелеріне және “Еуразия”, “Әлем”, “Шапағат” базарларына жеткізеді.

2026 жылға дейін облыста 306 млрд.теңгеге 92 маңызды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, биыл 53,1 млрд. теңгеге 28 жоба жоспарлануда.

Баяндама барысында спикер етті және сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамыту шеңберінде биыл 2,5 мың бас етті ірі қара мал сатып алынатын 46 еттік ферма және 4 мың бас ірі қара малға арналған 11 сүт-тауарлық фермасы құрылатынын атап өтті. 

Жалпы, облыста іске асырылып жатқан жобалар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,5%-ға өсіп 114 миллиард теңге құрады.

Сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өнімін өндірудегі облыстың үлесі 10%-ды құрады. 

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары 5,2 миллион гектар алқапқа жүргізілді. Бұл республикада егілген ең көп астық сынамасы. Жыл сайын ел астығының төрттен бір бөлігі Ақмола облысында өндіріледі.

Сондай-ақ жыл сайын алыс және жақын шет елдерге 2,2 миллион тоннадан астам астық экспортталады. 

Өңірде астық өндірісін техникалық жарақтандыруға тиісті көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері облыстың агроқұрылымдары 840 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Жалпы сомасы 29,8 миллиард теңгеге тракторлар – 143 бірлік, комбайндар – 69, егіс кешендері  – 34 және өзге де техника – 594.

Егіс науқанына барлығы 15,1 мың бірлік трактор, 16,6 мың астық сепкіш және 1,5 мыңнан астам өнімділігі жоғары егіс кешендері қатысты.

Талқылау