Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының әкімі Шыңғырлау ауданына іссапармен барды

20 шілде күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Шыңғырлау ауданына іссапармен барды. Облыс басшысын Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев қарсы алып, Шыңғырлау ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

Облыс әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен жете танысып, сондай-ақ мәселелі жәйттерді де өз көзімен көріп-біліп, кеңеспен бірге нұсқамаларын берді.

Облыс әкімі ең алдымен аудан орталығынан алыс орналасқан Шыңғырлаудың Сегізсай ауылында болды. Ауылдың кіреберісіндегі жолдың жайымен танысып, аудандық маңызы бар автокөлік жолын жөндеуге жауапты адамдармен тілдесіп, жай-жапсарын анықтады. Содан кейін Қарағаш ауылындағы таза ауыз су құрылысының қайта жаңғыртылу жұмысын тексерді.

Сонымен қатар Шыңғырлау- сегізсай аудандық маңызы бар автокөлік жолының құрылыс жұмысының барысын қарады. Осы сапарда Қотантал елді мекеніне орналасқан "Erqanat Group ЖШС-ның хал-ахуалымен танысты. Серіктестіктің мал басы, автоматтандырылған жұмыс стилі, қаржылық әлеуеті туралы әңгімелесті.

Содан кейін Шыңғырлау ауданындағы егін шаруашылығында болып, жұмыс ырғағын өз көзімен көру үшін "Жарас" ШҚ және Амангелді ауылына қарасты "Амагелді Агро" ЖШС-ның бітік шыққан егін алқабын аралаған еді. Жұмыс ырғағын, егіннің жақсы өсімін көріп, еңбекқор жандарға ризашылық сезімін жеткізді. Сапар соңында облыс әкімі ауданымызда құрылыс жұмысы аяқтала келген 3 қабатты көппәтерлі үйге де бас сұғып, жай-жапсарын сұрап білді.

Талқылау