Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоғамдық орында сөйлесіп отырған ғашықтардың телефонын білдіртпей ұрлаған азамат ұсталды

Алматыда қоғамдық орында сөйлесіп отырған жұптың телефонын ұрлап кетті. Камераға түсіп қалған көріністе қыз бен жігіт ұрының әрекетін байқамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Жетісу ауданында Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысына жақын жерде орналасқан аллеяда болған. Орындықта отырған жұп бір-бірімен сөйлесіп отырып арттарына ұрының қалай келгенін, телефонды қалай алып кеткенін байқамаған.

"Оқиға таңғы төрт жарымда өрбіді. Ұрының қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл қылмысты ашуға жақсы көмек болды.

Оңай ақшаға әуес болған 1990 жылы туған азамат С. қылмыстық кодекстің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы Жәнібек Шынасылов.

Талқылау