Маңғыстау облысындағы МАЭК-тің жөндеу жұмысына бес миллиард теңгедей қаржы бөлінген
Маңғыстау облыстық әкімдігінің сұрауы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 4,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы "МАЭК" ЖШС ұсынған қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды сатып алуға бөлінген.
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты пен АМӨЗ-де болған апаттардың себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша энергия кәсіпорындарының жұмысында жүйелік кемшіліктер анықталды.
Болашақта мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет бірқатар шұғыл және жүйелі шаралар қабылдайды. Олардың ішінде:
- "МАЭК" ЖШС-ны жаңғырту және реконструкциялау;
- Батыс энергетикалық аймағын күшейту;
- АМӨЗ-ді тұрақты сыртқы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және жеке энергия көзін салу;
- Батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен қосу және т.б.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн