Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әншілер, әзілкештер мен отшашу": "Қазақмыс” Металлургтер күнін кең ауқымда ұйымдастырды

Тұрмыс тіршіліктері өндіріспен байланысқан Жезқазған мен Балқаш тұрғындарының әр отбасында бір металлург бар. Дәл осы мамандық иелері үшін биылғы жылғы төл мерекелері ерекше аталып өтті. "Қазақмыс” Металлургтер күніне орай мерекелік шараны ауқымды етіп ұйымдастырды. Бір апта тойланған  мереке барысында үздік қызметкерлер салалық және мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ал қала тұрғындары дәл осы мерекеде эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен керемет кешке куә болды.

Қазақстанда Металлургтер күні шілденің үшінші жексенбісінде тойланады. Биылғы жылы да бұл ерекше аталып өтті. Алдымен мәртебелі мамандық иелерінің жылдық жұмысы қордаланып, алдағы уақытта атқаратын істері нақтыланды. Кейін Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев "Kazakhmys Smelting" ЖШС-нің тоғыз қызметкеріне облыс және қала әкімінің Алғыс хатын табыс етті. 

Мерекелік шараны “Kazakhmys Smelting” ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов жалғастырды. Бас директор металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, сегіз қызметкерді "Kazakhmys Smelting" ЖШС-нің Құрмет грамоталарымен марапаттады.

“Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Әлемдік нарықтағы орнымызды сақтап қалуымыз керек. Әрине нарық болған соң онда үлкен бәсекелестік болады. Баға да күннен күнге өсіп келеді. Сондықтан мысты қайта өндеудің заманауи әдістеріне көшуіміз маңызды”, - деді Жәнібек Байғабелов.

Сондай-ақ, металлургия кәсіпорнының сегіз қызметкері ІІІ, ІІ және І дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгілерімен марапатталды. Марапаттау рәсімін компанияның өндірістік директоры Марат Әубәкіров өткізді.

Салалық белгімен БМЗ МБЦ балқытушысы Саят Аманбеков, МҚЦ БЖЖ  учаскесінің басшысы Валерий Тастанбеков,  БМЗ ШД ЦКБ кептіргіші  Тұрғанбек Дуанбеков, "Казахмыс Смэлтинг"  ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы Айдар Түсіпбеков, Ерболат Шәкіров, БМЗ БӨАжА АЖБ слесарі Ерболат Шәкіров, БМЗ КҚЦ басшысы Евгений Сивун, БМЗ МБЦ балқытушысы Манат Сарбасов, БМЗ БМЦ балқытушысы Рашид Аманбеков. Ал, Астана қаласында 1-дәрежелі салалық белгімен БМЗ МЭЦ ДӨБ  өнім тазалаушысы Сейтқали Сағалов марапатталды. Рашид Ахметов пен Сейтқали Сағалов "Еңбек даңқы" белгісінің толық кавалері атанды.

“Қиын әрі қауіпті жұмысты атқарып жүрген қайратты және күрескер мамандарды бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құқттықтаймын! Олар тонна металға ғана емес, төзімді қажет ететін жүйкеге төтеп беріп жүрген жандар.  Сол себепті сіздерге мықты денсаулық, жанның тыныштығы мен отбасының амандығын тілеймін. Металлургтер мерекесі құтты болсын!” - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин.

Компания ұйымдастырған мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Биылғы жылы “Қазақмыс” қазақстандық шығармашылық ұжымдарды қолдауға үлкен мән берді. Орталық алаңда күн сайын көңілді шаралар ұйымдастырылды. Салтанатты шара Астана мен Алматыдан келген әншілер, әзілкештер мен цирк әртістерінің өнер көрсетуімен қызықты бола түсті. 

Металлургтер мерекесіне арналған концерттік бағдарламада Әділет Жауғашар, Қазбек Қасым, Таня Тұрлай, Меховая 8/1 және Луина сынды әншілер өнер көрсетті. 

"Металлургтерге өмірдегі ең маңызды нәрсе - мықты денсаулық тілеймін! Олардың қажырлы еңбектеріне сәттілік, отбасыларына амандық. Жезқазған, алға! Бүкіл еліміз гүлдене берсін!", – деп тілек білдірді Луина. 

Ашық аспан астында "Қаныш" фильмі көрсетілді. Мұндай ойын-сауық көрермендерге керемет атмосфера сыйлады.  Сондай-ақ, шара барысында металлургтер арасында қазақ күресінен “Қазақмыс Смэлтинг” барысы анықталды. Мереке соңы отшашумен түйінделді. 

Айта кетейік, “Қазақмыс” компаниясы мыс өндірісі бойынша әлемде үздік ондық қатарында.