Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жылу мекемесінен ақша ұрлаған бас есепшіге қатысты үкім шықты

Бас прокуратура Жамбыл облысындағы "Құлан-Энерго жылу" коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісінің бюджет ақшасын ұрлап,  қандай қылмыстық схемаларға барғаны туралы  мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратура дерегінше, Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы "Құлан-Энерго Жылу" ШЖҚ КМК қызметіне бюджет қаражатын жұмсау мәселесіне талдау жүргізу барысында кәсіпорынның бас есепшісі төлем тапсырмаларымен КМК-ның бюджет қаражатын өзінің карточкалық шоттарына аударған. Кәсіпорын бухгалтері өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет төлемдері ретінде төлем мақсатын көрсеткен.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін тапсырылды. Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды. 

"Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық соттың 23- маусымдағы үкімімен кәсіпорынның бас бухгалтері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды", - деді ведомства өкілдері.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Заңсыз аударылған қаржы толық көлемде мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Талқылау