Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелім шекарадан жаяу өтсең де кел дейді": 57 жастағы қазақстандық Ресей азаматтығын алуға ниетті

2014 жылы Луганск Халық Республикасы аумағында соғысып, Пермьде 25 жыл тұрған азамат Қазақстанға депортацияланған. 57 жастағы ер адамның айтуынша өз елінен депортациялануға бұрынғы Кеңес үкіметі кезінде алған құжаты себеп болған. Григорий Ресей азаматтығын алуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ura.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресейліктер Павлодар

Григорий Ресей азаматтығын алуға бірнеше рет әрекеттенген ол көбіне сәтсіздікке ұшыраған. Тіпті Қазақстанның Ресейдегі елшіліктеріне жүгінгенімен, әр жолы қиындықтарға кезігеді. Ол қазір Пермьге қайтып оралудың жолдарын іздеп жатқанын айтады, Себебі ол жақта жұбайы қалған.

"2000-шы жылдардың басында мен Мәскеу елшілігіне Ресей азаматтығын алу үшін өтініш бердім. Бірақ олар мені қабылдамады. Өйткені ол кезде менде кеңестік паспорт болған. Оны өзгерту үшін Қазақстанға баруға тура келді. 2013 жылы да Ресей азаматтығын ала алмадым. Нәтижесінде, Пермьдегі сот шешімімен мен мигранттарды уақытша ұстау изоляторына қамаған", - деді Григорий .

Ер адам 1997 жылы Пермьге әскери қызметте болған достарына көшіп, тұрғылықты жерін өзгертуге шешім қабылдаған. Сол жақта жарымен танысып, жолдастарымен жүріп кәсіппен де айналысқан. Ол достарымен “Донбасс еріктілері” қорын құрған.

Қазақстан азаматы Григорий енді Пермьге қайтудың жолдарын іздеп жатыр. Ол адвокаттар жалдап, елден шығару туралы сот шешіміне шағымданбақ.

"Осы уақытқа дейін Қостанайдағы достарымды паналадым. Бірақ қайтуға ниеттімін. Әйелім уайымдап “шекарадан жаяу өтсең де келші” дейді. Бірақ әрине, Ресей азаматтығын алудың заңды жолдарын іздеймін", - деп түйіндеді ол.

Талқылау