Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың ескертуінен кейін министрлер демалысқа шығу туралы сауалға жауап берді

Үкімет кулуарында журналистер министрлерге демалысқа шығу жоспары туралы сұрақ қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жоспар бойынша демалысқа шықпақ.

"Демалысқа жалпы жоспар бойынша барамын, премьер-министрмен келісілді. Жылыту маусымына қелсек, орталық мемлекеттік орган, атап айтқанда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындық үшін барлық қажетті жұмыстарды жасады. Жазда мен демалысқа барамын, суыртпақтамауды сұраймын. Президенттің ескертуі Астана қаласын дамыту бойынша болды және менің білуімше, қала әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты болды. Өкінішке қарай, мен іссапарда едім, жиынға қатысқан жоқпын", - деді министр.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қызметіне кіріскеннен бері, яғни 2022 жылдың қаңтарынан бері еңбек демалысына шықпаған. Оның айтуынша, бұл жолы да шықпайды.

"Әзірге биыл демалысқа шығу ойым жоқ. Былтыр да барған жоқпын", - деді министр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев та жақын арада еңбек демалысына шықпайды. Бұл түсінікті: ол бұрын өзі айтқандай Қазақстан қалаларындағы жылумен қамту нысандарын аралайды.

"Мен де әлі демалысқа шықпаймын. Қандай да бір кестені үкімет бекітеді", - деп жауап берді шенеунік.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің жазда бірнеше апталық демалысқа шығуы қасақылықпен бірдей болатынын мәлімдеген еді. Мұны ол елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қарата айтқан. Сонымен қатар, ол жылыту маусымына мұқият дайындалу қажет екенін ескерткен. 

Талқылау