Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын басып алу ісі: Прокурор айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматыда 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алу ісі бойынша сот процесі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот отырысында судья талқылаудың аяқталғанын айтты. Наурызбай аудандық сотында басталған жарыссөз кезінде прокурор Бекзат Сейтімбет айыпталушылар Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтерге 11 жыл, Әйгерім Тілеужанға бес жыл жаза кесуді сұрады. 

Прокурордың сөзіне сотқа қатысушылар наразылық білдірді. Алайда судья Маратбек Кәкімжанов: "Бұл – прокурордың сұрағаны, соттың шешімі емес", – деді. 

Сонымен қатар журналист Данияр Молдабеков айтуынша, адвокат Абзал Айдарханов сот барысында бұрын жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін айыпталған бірнеше куәгерге әуежайды басып алу туралы іс бойынша тергеу барысында өзге айыпталушыларға қарсы айғақтар бергені үшін жазаны жеңілдетуге уәде берілгенін мәлімдеді. 

"Бір жағдайда тергеуші видеоға қатысты түсініктеме берді, куәгер бәрімен келісіп, хаттамаға қол қойды. Ал екінші куәгер айғақтар жазылған қағазға жай ғана қол қойғанын айтты. Дәлибаев пен Шілібаевқа Нұрпейісовке қарсы айғақтар берген жағдайда жазаларын жеңілдету ұсынылған. Нұрпейісовке Әйгерім Тілеужановаға қарсы айғақтар үшін үй қамағына жіберілетіні айтылған", – деді Айдарханов.

Биыл 30 наурызда Алматыда "Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу" ісі бойынша бес адамның соты басталған.

Тергеу орындары бұл іс бойынша журналист Әйгерім Тілеужанға, белсенді Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Дәлібаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа, Жанайдар Кәрменовке айып таққан. Әйгерім Тілеужан үйқамақта, өзге төртеуі былтыр көктемнен бері тергеу абақтысында қамауда отыр.

Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдарханның сөзінше, оны "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деудің қисыны жоқ. Өйткені ол Алматыда Қаңтар оқиғасы басталар алдында әкімшілік жазамен қамауда отырған.

Бұл іске қатысты белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовтен басқа тағы үш адам – Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтер айыпталып отыр. Олар тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан.



43 жастағы алматылық мұғалім Қалас Нұрпейісовке Қаңтар оқиғасынан кейін төрт бап бойынша айып тағылған: оның екеуі ("тонау" және "автокөлікті иеленіп алу") амнистиямен қысқаруға тиіс. Ал "жаппай тәртіпсіздік" және "ғимаратқа басып кіру" баптары амнистияға ілінбейді.

Бас прокуратура таратқан мәліметте "Нұрпейісов Алматы әуежайына және "Қазаэронавигация" ғимаратына шабуыл жасады, оны басып алды" делінген. Бас прокуратураның дерегінше, шабуыл салдарынан Алматы әуежайы мен әуекомпанияларға 6,1 миллиард теңге, кәсіпкерлерге 414,1 миллион теңге залал келген.

Биыл 5 қаңтарда бас прокурор Берік Асылов "Діни экстремистік ұйымдардың екі мүшесі Қалас Нұрпейісов пен Әйгерім Тілеужан Алматы әуежайын басып алған" деп мәлімдеген еді.

Талқылау