Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішінде 35 жолаушы болған: Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты

Атыраудағы Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, 7 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға 3 шілде күні, кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Бірі үлкен, екіншісі кіші екі маторлы қайық ішінде жалпы саны 35 адам болған. Жарақат алған 7 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Бір бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер науқастың жағдайына "аса ауыр" деген баға берді.

“Облыстық ауруханаға жеткізілген ересек азаматтардың екеуі жағдайларының қанағаттанарлық болуына байланысты әртүрлі тіндердің зақымдануына байланысты амбулаторлық емде, яғни үй жағдайына жіберілді.Ал бір науқас стационарға жатқызылып, күні бүгінде стационардағы лор бөлімінде ем қабылдап жатыр. Облыстық балалар ауруханасына 4 бала жеткізілген.Оның біреуі үйіне қайтарылды жағдайы қанағаттанарлық болуына байланысты. Қалған үшеуі қазір облыстық балалр ауруханасында ем алуда. Екеуі жарақат бөлімінде ем алуда. Бір науқас 2017 жылғы бала қазіргі жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Әртүрлі жарақаттар алған.Ауыр бала бас ми жарақатын алған. Ашық бас ми жарақаты алынған, ол балада кома. Таңғы сағат 5 те операция жасалды. Дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы әлі өте ауыр”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Су көліктерінің соқтығысқанын Жайық жағасында серуендеп жүрген тұрғындар куә болған. Бірақ оқыс жағдайға кім кінәлі екені белгісіз. Құзырлы органдар тергеуді бастаған.

“Қазір Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 344 бабы, 1 бөлігіне сәйкес, яғни теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі мен оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Талқылау