Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрын дәрігер болғанмын": Желіде 97 жастағы қазақстандық кейуананың видеосы көпшілікті тәнті етті

TikTok желісінде 97 жасында тың отырған әже көпшілікті сүйсіндірді. Бұрын ақ халатты абзал жан болған болған кейуана өз саулығын қалай күтетінін, қандай жағдайда қай дәріні қабылдайтынын дәрігер қабылдауында мүдірместен айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видео авторы 97 жастағы пациенттің бұрын дәрігер болғанын айтып, Алла осылай әдемі қартаюды нәсіп етсін деп сүйсінді. Оған қоса кейуананың есте сақтау қабілеті де керемет. Видеода тіпті дәрі-дәрмектердің дозасы мен атын еш мүдірместен айтып отыр. 

“Егер менің қан қысымым тахикардиямен бірге болса, бисопролол ішемін. Ал егер брадикардия болса, бисопролол қысымымды одан әрі түсіреді. Сондықтан бисопрололды тұтынар алдында дұрыстап қадағалаймын. Қан қысымым 140-135-ке дейін дәрі ішпеймін. Барлығын өзім қадағалап отырамын”, – дейді кейуана.

Бұған сүйсінген дәрігер “Барлығын бізден жақсы біліп отыр екенсіз, есте сақтау қабілетіңіз жақсы екен” деп таңданады.

“Балаларым да солай деп айтады. Бұрын дәрігер болғанмын. Есте сақтау қабілетім жақсы. Жасым 97-де”, – деп қосты кейуана. 

Видеоны көрген желі қолданушылары: “Осынша жасқа келгенінде есте сақтауы, сөйлеу мәнері, интеллекті мен білімі қалай керемет сақталған. Аман болсын”, “Әже керісінше пациентінің қабылдауында секілді. Оның білімі жастарға қарағанда көп екені көрініп тұр”, “Кеңес кезінің дәрігері осындай болады”, “Өз әжем есіме түсіп, жылап отырмын”, “Қандай әдемі әже”, –  деп пікір жаудырды.

@dr_baikenova

Сапалы қартаю деп осыны айтуға болады👍

♬ оригинальный звук - dr.Baikenova
Талқылау