Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог кәуап пісіру кезінде денсаулыққа тиетін қауіп туралы ескертті

Диетолог Ким Пирсон кәуап пісірудің теріге қаншалықты әсер ететінін айтты. Нақты белгісі ерте қартаюға әкеліп соғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пирсон бет терісінің денсаулығына қауіп еттен емес, қуыру кезінде бөлінетін түтіннен келетінін алға тартты. Оның айтуынша, кәуап түтінінде гликацияның соңғы өнімдері бар. Бұл көмірсулармен әрекеттескеннен кейін тіндерге іштен әсер етіп, қартаюды тездететін ақуыздар.

"Түтіннің аз мөлшеріне біздің денеміз төзе алады. Бірақ жоғары дозада олар белоктарды зақымдап, қартаю мен ауруларды күшейтеді", - деп түсіндірді Пирсон.

Маман кәуап еті күйген сайын одан шыққан түтіннің зияны арта түсетінін алға тартты. Шамадан тыс күййдіріліп, пісірілген ет, диетологтың айтуынша қауіпті. Ол сүт бездерінде, тоқ ішекте, простатада, асқазанда және ұйқы безінде қатерлі ісіктердің өсуін тудыруы мүмкін.