Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Алтын Гефест" тау-кен металлургия саласының байқауында "Жыл шахтері" және "Үздік медиа жоба" номинациясын иеленді

Жыл сайын Astana Mining & Metallurgy халықаралық конгресі шеңберінде қорытындыланатын "Алтын Гефест" ұлттық салалық байқауы тау-кен металлургия комплексі мамандары үшін өте маңызды. Байқау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ERG іс-шаралар бас серіктесінің қолдауымен өтеді.

2 маусымда "Астана Балет" театрында байқау жеңімпаздары статуэтка алды.

“Кәсіби мамандардың арасында болғаныма өте қуаныштымын. Еңбек ардагерлері мен еңбек жолын жалғастырып жүрген жастарды көру де қуаныш. Қазақстанның әрбір саласы осындай мықты болғанын қалаймын. Қазір алдымызға жаңа міндеттер қойылып, жаңа проблемалық тақырыптар көтерілуде. Тау-кен металлургия саласының кәсіпорындарындағы мәселелерді шешуде баршамызға сәттілік тілеймін”, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов құттықтау сөзінде.

"Жыл шахтері" номинациясын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіндегі И.А.Костенко атындағы шахтаның өткізгіші Евгений Башқұров иеленді. Оның 32 жылдық еңбек өтілі бар. Ол бала кезінен шахтер болуды армандаған.

“Елге қашанда көмір қажет болатынын білдім. Сондықтан тау-кен техникумын бітіріп, әскерде қызмет етіп, 1991 жылы шахтада қызмет еттім. Бірінші рет жерастына түсу қиын болды, су мен ағаш араласқан жаңадан кесілген көмірдің иісі еліктірді. Содан бері шахта қызметіндемін. Қазір өткізгіштер бригадасын басқарамын және біз үшін ең бастысы - қажетті метрді беру”, – деді Евгений Александрович.

Шахтер марапатқа І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Шахтер даңқы" төсбелгілерін тағып келді. Евгений Башқұртовтың қоржынын VIII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Раудың қолынан алған "Алтын Гефест" толықтырды.

“Өте керемет! Шынымды айтсам, мен мұндайды күткен жоқпын. Осындай марапат табыстағандырыңыз үшін көп рахмет. Әріптестер, учаске басшылығы, шахтаның, департаменттің және отбасымның қолдауынсыз мұның бірі болмас еді. Мен саланың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастырамын. Елге көбірек көмір беру үшін мүмкіндігінше тау-кен жұмыстарын көбірек жасаймыз”, – деді шахтер.

Қазақстанда ауыр жұмыс кәсіптерінің беделін арттыруға қазір елеулі көңіл бөлінуде. Бұл жерде жұмысшылардың қиын әрі қажетті жұмысы туралы айтатын БАҚ құралдарының маңызы зор. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Татьяна Ромашова баспасөзде және интернет-ресурстарда тау-кен металлургия туралы мақала жазғаны үшін “Жылдың үздік журналистік жұмысы” атағына ие болды.

Татьянаның айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында бүкіл ел білуі тиіс бірінші дәрежелі мамандар көп. Татьяна "Өндіруші болу – нағыз мақтаныш" атты мақаласында конвертер цехының болат құюшысы Вячеслав Дехтяр туралы жазды. Оның еңбегін байқаудың қазылар алқасы жоғары бағалады.

“Мақала кейіпкері Вячеслав Дехтярға үлкен рахмет айтқым келеді. Вячеслав өмір тарихын айтып берді, мен соны қағазға түсірдім. Сондықтан бұл сыйлық – кейіпкер екеуміздің ортақ жеңісіміз. Біздің команда мақалалар мен телесюжеттерді жариялауды жалғастырады, онда біз металлургтер, кеншілер туралы әңгімелейміз, – деп атап өтті Татьяна Ромашова.

Биыл 15 номинация бойынша барлық жеңімпаздар анықталды. Сондай-ақ сол күні саланың үздік өкілдеріне ведомстволық наградалар табысталды.

Талқылау