Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктер соқтығысып қала жаздады: Алматы облысының тұрғындары жасалғанына бір жыл да болмаған жолдың сапасына шағымданды (видео)

Алматы облысы Кеген ауданында тұрғындар төселгеніне бір жылда болмаған жолдың сапасына наразылықтарын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде таралған видеода автор асфальттің төселгеніне 1 жыл да болмағанын айтады.  Әрі кадрдан тасты жолдан қашқан екі көліктің соқтығысып қала жаздағанын көруге болады.

 "Жолдың жағдайы осындай. Не дейсіздер енді?" - дейді автор.

 

Stan.kz тілшісі жағдайға қатысты Алматы облысы әкімдігінен түсінік беруді сұрады. Хабарламада видеоның республикалық маңызы бар "Көкпек-Кеген-Түп" автомобиль жолында түсірілгені айтылған. 

“Аталған автомобиль жолы республикалық маңызы бар жол болып есептеледі. Тапсырыс беруші Алматы облысы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалы. 2021-2022 жылдар аралығында аталған автомобиль жолының 53-68 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер мекеме – "РСУ-1" ЖШС. Әлеуметтік желіде шыққан материал бойынша тапсырыс беруші тарапынан нұсқама беріліп, бүгінгі күні қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 

Талқылау