Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Беларусьтен 1 айда 2 миллион доллардан астам сомаға ет импортталған: Қазақстан өзін етпен қамтамасыз ете алмай отыр ма?

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан өзін етпен қамтамасыз ете алмай отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Статистика агенттігінің мәліметінше, биылғы наурыз айында, яғни 1 айда ғана Қазақстан Ресей мен Беларусьтен 2 млн доллардан астам сомаға 500 тоннадан астам ірі қара малдың етін импорттаған. Министрдің айтуынша, басқа елдерден еттің импортталуына шектеу қойылмайды. 

“Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне мүше болғаннан кейін шекара жоқ, біз импорттама деп қалай айта аламыз. Негізі қазақстандықтардың етті тұтыну көлеміне қарайтын болсақ біз өз-өзімізді толықтай қамтамасыз ете аламыз. Миллион тоннадай ет өндіріледі және ол қазақстандықтардың өзіне толықтай жетеді. Беларусьтен келіп жатқан мұздатылған ет шығар. Шұжық шығаратын өнеркәсіптер оны пайдаланады. Қазақстандықтар еттерін тұтынбайды да, көбінесе шұжыққа пайдаланады. Біз үлкен мемлекетпіз. Басқа халықтармен сауда қарым-қатынасымыз болған соң ондай фактілер болады. Беларусьтен, Үндістаннан алып келсін оның жағымсыз жағы жоқ”, – дейді министр. 

Айтуынша, статистика бойынша қазақстандықтар басқа елдердің етінен қарағанда өзіміздің отандық етті көбірек тұтынады. 

Талқылау