Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз үшін керемет шешім": «Қазақтелеком» Қостанайдағы жаңа шағын ауданды жоғары жылдамдықты интернетке қосты

"Қазақтелеком" Қостанай қаласындағы "Қонай" шағын ауданындағы бес үйге талшықты-оптикалық байланыс желісін орнатты. Осылайша, жаңа ғимараттардың 225 пәтеріне GPON технологиясы бойынша телекоммуникация қызметіне қосылуға керемет мүмкіндік туды. Енді тұрғындар жылдамдығы 500 Мбит/с дейін жететін ғаламтор арқылы керек дүниелерін кедергісіз алады.

Талшықты-оптикалық жүйе бір уақытта бірнеше қызметті кедергісіз пайдалануда таптырмас құрал. Себебі мұнда абоненттің пәтеріне кабель тарту арқылы сандық теледидар, интернет және IP телефония қызметтері сапалы жұмыс істейді. Одан бөлек, пайдаланушы ғаламтордан фильмдерді сапасын жоғары етіп жүктей отырып, бірнеше құрылғыны қосса да, деректерді беру жылдамдығы жоғары болып қала береді.

Қостанай қаласының тұрғыны Андрей Серга жуырда жаңа шағын ауданнан пәтер сатып алды. Оның ең сүйікті ермегінің бірі - отандық фильмдер мен сериалдар қарау, ол үшін ғаламтордың жылдамдығы мен сапасы маңызды екені сөзсіз. Сол себепті таныстары оған "Қазақтелеком" операторын ұсынған. Компанияның кеңсесіне хабарласып көруді жоспарлап жүрген азаматтың алдынан кенеттен тұтынушыларды тартып жүрген "Қазақтелеком" менеджерлерінің өзі кездейсоқ жолыққан екен. 

"Осылайша, кеңсеге бармай-ақ өтінішті қабылдаудан бастап қызметті қосуға дейін бүкіл процесс лезде орындалды. Артық уақытым кеткен жоқ. Маған, әсіресе, жабдықты орнатқан кезде кабельді ұқыпты да тиянақты төсеген мамандар жұмысы қатты ұнады. Ал ғаламтордың сапасына келетін болсақ, тура мен қалағандай жоғары жылдамдық,  үзіліссіз жұмыс қамтамасыз етілген. Бұл шағын аудандағы үйлерде әдетте ұялы байланыс тұрақсыз. Сондықтан "Қазақтелекомның" сымды интернеті біз үшін керемет шешім болды", - дейді Андрей.

 

Андрейге пакеттік ұсыныстар мен жылдық келісім-шарттардың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ал жаңалықтарды жібермей, киноконтентті жақсы сапада көру үшін оған теледидар, фильмдер, сериалдар мен ұлттық контентті, онлайн киноны бір қосымшаға біріктіретін TV+ платформасын қосу ұсынылған. 

"Қазақтелеком" АҚ Бөлшек сауда Дивизионының сату жөніндегі директоры Ринат Жексеновтың айтуынша, қазірдің өзінде 100 мыңнан астам абонент STB және Smart TV приставкалары арқылы қызметтерге қосылған. Одан бөлек бұл қосымшаны қолданушылар мобильді құрылғыларына 600 мыңнан астам рет жүктеп үлгерген. 

"Бұл қызмет абоненттер арасында сұранысқа ие. Биыл "Қазақтелеком" TV+ абоненттеріне Қазақстандағы тұңғыш қазақ тіліндегі Qazaqsha онлайн кинотеатрын ұсынды. Бұл кинотеатрдың каталогында кәсіби актерлердің қатысуымен түсірілген, қазақ тілінде сапалы дубляждалған әлемдік киностудия мазмұнындағы 1700-ге жуық фильмдер, сериалдар мен мультфильмдер бар. Сонымен қатар, платформаның топтамалық тарифтерінде әртүрлі жанрлар мен бағыттардағы 170-тен астам телеарна ұсынылған", - деді Ринат Жексенов.

"Қонай" шағын ауданында қазірдің өзінде 15 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. Тағы 30 көпқабатты үйдің құрылысы жоспарланған. Осы ретте бұл аймаққа "Қазақтелеком" АҚ талшықты-оптикалық байланысты тарату желілерін салды. Тұрғындар санының өсіміне қарай компания телекоммуникация қызметіне оларды дер кезінде қосуға дайын.

Жалпы Қостанайда оптикалық байланыс желісі арқылы телекоммуникация қызметіне 15 мыңнан астам абонент қосылған. Атап айтқанда облыс орталығындағы жаңадан салынған 20-дан астам көпқабатты үйлер GPON технологиясы арқылы интернетке қол жеткізген. Одан бөлек биылғы жылдың соңына дейін Қостанайда әлі де 2 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.