Күйеу жігіт қалыңдығын жасауында салқындатқыш болмағаны үшін ұрып талдырып тастаған
Үндістанда үйлену тойында қалыңдығының артынан келген жасаудың арасында салқындатқыш жоқ екенін естіп қалған күйеу жігіт оны шапалақ ұрып, талдырып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Odisha TV хабарлауынша, оқиға 11 мамырда Уттар-Прадеш штатында болған.
Болашақ ерлі-зайыптылар үнділердің үйлену тойын өткізетін дәстүрлі джаймала рәсімі кезінде гүл тізбегін алмасу үшін сахнаға шыққан.
"Сол кезде күйеу жігіт қалыңдықтың отбасы жасауға кондиционер қосуға келіспегенін біліп, ашуға булығып шыға келеді. Ол қалыңдықты шапалақпен бір салып, сахнадан итеріп жібереді. Қатты құлаған бойжеткен есінен танып қалған", - делінген хабарламада.
Оқиғаның соңы күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары арасындағы төбелеске ұласқан. Екі жақтан да көптеген қонақтың жараланғаны хабарланды.
Полицейлер екі отбасы өзара келісімге келіп, тойды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн