Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйісу арқылы қауіпті ауруларды жұқтыруға болады - Маман

Дәрігерлер сүйісу арқылы гонореяны жұқтыру мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрын ғалымдар гонорея тек қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы беріледі деп санады.

Мельбурндағы жыныстық денсаулық орталығының профессоры Эрик Чоу қаңтарда алты зерттеуге шолу жасап, гонорея мен хламидиозды сүйісу арқылы жұқтыруға болады деген қорытындыға келген.

Чоу жаңа деректерге сәйкес жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу жолдары туралы жадынаманы жаңарту қажеттілігін атап өтті.

Ауру сілекей арқылы жұғады. Жыныстық қатынас барысында сілекей емес, арнайы майлар қолдану керек екені айтылды.

“Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардың таралуы мен қалай жұғатынын түсіну арқылы оның алдын алуға болады. Гонорея негізінен қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы жұғады. Сүйісу арқылы жұғу фактілері сирек кездеседі. Сондықтан тексеріліп тұру маңызды”, – деді Британдық жыныстық денсаулық және АИТВ қауымдастығының өкілі.

Көбінесе гонореяны 15-24 жас аралығындағы адамдар жұқтырады. Ауру репродуктивті органдарға әсер етеді және жамбастың қабыну ауруларын тудырады. Бұл әйелдерде ұзақ мерзімді ауырсынуға, бедеулікке және жүктілік кезіндегі қауіптерге әкелуі мүмкін. Еркектерде гонорея аталық без мен простата безінің ауыр инфекциясын тудырады, бұл кейбір жағдайларда фертильділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Антибиотиктер ауруды жеңуге көмектеседі, бірақ ғалымдар вирустар антибиотиктердің әсеріне үйреніп, оларды айналып өтетіндей дамиды деп қорқады.

STAN.KZ
Сенбі, 13 Мамыр, 2023 17:36
Талқылау