Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Минус 10 градусқа дейін үсік жүреді: Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидрометтің хабарлауынша,  Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. 

“Жаңбыр жауады, найзағай болады. Түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі. 

“Оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болады. Кезең соңында Солтүстік антициклонның еніп, Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін үсік күтіледі, шығыста -1-10 градусқа дейін аяз болады”, – делінген Қазгидромет хабарламасында. 

Талқылау