Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қазақ тіліндегі жалпыұлттық онлайн-диктант басталды

Елімізде үшінші рет ұйымдастырылып жатқан жалпыұлттық онлайн-диктант басталды. Жазба жұмысына бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін қатысуға болады. 

Онлайн-диктантқа мына сілтеме арқылы қатыса аласыз:

ОНЛАЙН-ДИКТАНТ

Айта кетсек, диктанттың барлық қатысушылары бағасы көрсетілген атаулы сертификатқа ие болады. Ал жазба жұмысын ең үздік жазып шыққан үш адамның арасында үш iPad Air сыйлықтары ойнатылады.

Онлайн-диктант мәтінін актер, диктор Азамат Қанапия оқиды. Жазба жұмысы мәтінінің авторы этнограф Бибізия Кенжебекова.

Онлайн-диктантты қалай жазу керек? Білу керек ережелер мен кеңестер >>>


Жобаның басты демеушісі – Jusan BankДиктанттың тақырыбы қазақтардағы қаржы жоралғыларының мәні туралы болады және жазба жұмысы Jusan Bank-тың туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!

Талқылау