Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтар өзге ұлт өкілдерін кемсітеді": Қазақстандық еліміздегі орыс, славяндықтарды жалған ақпаратқа жол бермеуге шақырды

Желіде қазақтар өзге ұлт өкілдерін кемсітіп, құқықтарын таптап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қазақстандық бойжеткен өзі секілді орыс, славян ұлтындағыларды бұл ақпараттың жалған екенін айтуға шақырды. Ару Қазақстанда жағдайының жақсы екенін, ешкімнің екімге қысым көрсетпейтінін алға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kazakh_inform Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ару мұндай қауесет әсіресе Ресей жақта тарап көпшіліктің жағасын ұстатып жатқанын айтты. Ол мұндай ақпараттардың ұлттар арасына іріткі салып татулықты жоятынын алға тартты. Сол үшін де қазақстандағы славян, орыс, украин ұлттарын бір ауыздан бұл ақпаратты жоққа шығаруға шақырды. 

“Қымбатты достар, бәріміз бірігіп желіге жақсы контент жариялайық. Бізді ешкім қыспалап, кемсітіп жатпағанын, бізде барлығының жақсы екенін айтып жеткізейік. Жаңа ғана маған Ресей аумағында таралып жатқан жалған ақпарат келді. Осы тұста өтініш айтқым келеді, желіде отыратын әрбір жан біздің бұл жақта жағдайымыздың жақсы екенін айтып салуымыз керек. Ресейліктер мен өзге елдер мұның бәрін көреді деп ойлаймын”,- деді ол. 

Кейін бойжеткен еліміздегі билік өкілдерін әлеуметтік желідегі ақпараттарды тексеріп, жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырды. 

“Қазір нағыз ақпараттық соғыс заманы. Қазақстан бұл соғыста жеңілмеуі тиіс”,- деп қосты ол.

Бейнежазба авторы тез таралып жатқан ақпараттық соғыспен күресудің маңыздылығын атап өтіп, елімізді еркіндік, құрмет пен келісім мекені ретінде сақтау үшін барша Қазақстан тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымақтастығына сенім білдірді.

Талқылау